Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

Денсаулық
Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

Ресейде коронавирустың жаңа нұсқасы тез тарала бастаған. Роспотребнадзор мәлімдеуінше, жаңа нұсқа – «COVID-19 — ХЕС» омикронның басқа соңғы нұсқаларына ұқсас, деп хабарлайды Malim.kz.

Роспотребнадзор жаңа штаммның таралу жиілігі тұрақты режимде жедел бақыланып отырғанын мәлімдеді.

Мекеме дерегіне қарағанда, XEC – бұл FLIRT омикронының бұрынғы KS.1.1 и KP.3.3 екі қосалқы нұсқасының тіркесімі. Оның белгілері коронавирустың басқа нұсқаларына ұқсас: дене қызуы, тамақ ауруы, жөтел, иістің жоғалуы, тәбеттің төмендеуі, дененің ауыруы, шаршау, бас ауруы және мұрынның ағуы.

Айта кетейік, XEC алғаш рет Германияда 2024 жылдың маусымында табылған. Содан бері ол бірнеше елде анықталды. Бұл нұсқаның алғашқы жағдайлары мамырда Италияда тіркелген.

Фото: zdorovie.akipress.org

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу