freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейде Telegram жұмысы шектелуі мүмкін

Әлем
Ресейде Telegram жұмысы шектелуі мүмкін
Фото: GETTY IMAGES

Ресей билігі Telegram мессенджерінің жұмысын баяулату бойынша шаралар бастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Сарапшылардың пікірінше, бұл мессенджердің толық бұғатталуына алып келуі мүмкін.

РБК дереккөздерінің айтуынша, Роскомнадзор Telegram жұмысына шектеу енгізуді 10 ақпаннан бастап қолға алмақ.

Аталған ақпаратқа қатысты пікір білдірген Роскомнадзор ведомствоның мессенджерге қатысты «кезең-кезеңімен шектеу шараларын енгізуді жалғастыратынын» мәлімдеді.

Бұған Telegram-ның Ресей заңнамасының талаптарын әлі де орындамауы себеп болып отыр.

Роскомнадзор Telegram жұмысына кедергі келтіруді өткен жылдың жазында бастаған.

Ведомство ресми түрде 2025 жылғы 13 тамызда мессенджердің жұмысын шектеу шаралары енгізілгенін хабарлаған еді. Сол кезде Роскомнадзор Ресейде WhatsApp-тағы қоңырауларды ішінара шектеу бойынша да шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу