Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Риддер көшелерінде аю жүр

Оқиға
Риддер көшелерінде аю жүр

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында күн жылы болуына байланысты аюлар әлі ұйқыға кетпеген.

Биылғы көктем, жаз мезгілдерінде Риддер жұртшылығы аю көргендерін айтып, құзырлы органдарға жиі хабарласқан болатын. Күз кезінде де түз тағысы көшеге кіріп кеткен видеолар желіде тарады. 

Соған байланысты Орман және аңшылық жедел әрекет ету жасағының инспекторлары рейдке жиі шығып келеді.

Жедел топ рейдтерді әлі де жалғастырып жатыр. Себебі күн жылынуына байланысты аюлар ұйқыға кетпеген. Қалада қазір жағдай тыныш, аюларға қатысты ешқандай шағым жоқ.

Инспекторлар аспанға оқ ату арқылы аюларды үркітіп, елді мекен маңынан алшақтатты, - дейді жедел әрекет ету жасағының бастығы Ермек Бағлан. 

Фото: instagram.com/katonkaragay_nationalpark/

 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу