Ресейдің Ростов қаласында уақытша тергеу изоляторында бүлік шығарып, изолятор қызметкерлерін кепілге алған топ өкілдерінің түгел көзі жойылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Ресейлік ақпарат құралдарының жазуынша, 6 адамнан тұратын топ ДАИШ лаңкестік ұйымының өкілдері. Олар пышақпен қаруланып, темір торларды бұзып өтіп, операция бөлімінің бастығы мен кезекшілік қызметінің кіші инспекторын кепілге алған.
Ақпарат көздері анықталған бесеуінің аты-жөнін жариялады:
— Сайпудинов М.Ш (РФ ҚК 161-бабы, 2-бөлігі, а.г., 162-тармақ);
— Цицкиев А.М. (РФ Қылмыстық кодексінің 205-бабының 2-бөлігі);
— Камнеев Д.В (РФ Қылмыстық кодексінің 288.2-бабының 2-бөлігі);
— Гиреев Т.М (РФ ҚК 205.5-бабының 2-бөлігі);
— Акиев Ш.А (РФ Қылмыстық кодексінің 205.5-бабының 2-бөлігі).
Арнайы жасақ уақытша ұстау изоляторында операция жүргізіп, бүлік шығарған топтың 6 мүшесінің түгел көзін жойған. Ал тергеу изоляторының қызметкерлері босатылды. Жараланғандар бар екені айтылады.
Фото: скриншот