Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сәтбаевта қызға шабуыл жасаған күдікті қылмысын мойындады

Оқиға
Сәтбаевта қызға шабуыл жасаған күдікті қылмысын мойындады

Сәтбаев қаласында қызға шабуыл жасағаны үшін ұсталған ер адам жасаған ісін мойындады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Күдіктінің зардап шегушімен бетпе-бет кездесулері өткізілді. Қазір қызға шабуыл жасағаны үшін ұсталған ер адам мойындау көрсетілімдерін беріп жатыр. 

Еске салайық, қала тұрғынына жасалған шабуыл дерегі бойынша полиция күдіктінің ізін суытпай ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-тармағы (қылмысқа оқталу) және 120-бабының 1-тармағы (зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соталды тергеу барысында болған оқиғаның мән-жайларын анықтауға, дәлелдерді жинау мен тіркеуге, тұрғындардан сұрастыруға бағытталған барлық қажет тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Тергеу жалғасып жатыр. 

Фото: видео кадры 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу