Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сахнада балағат сөз айтатын әртістерді жазалау: Балаева не дейді

Қоғам
Сахнада балағат сөз айтатын әртістерді жазалау: Балаева не дейді

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сахнада балағат сөздер айтатын әртістерді жазалау туралы ұсынысқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жалпы, мәдениет қайраткерлерінің миссиясы – құндылықтарды көтеру. Рухани құндылықтар, мәдениетті қалыптастыру. Сахнаға шыққан кез келген орындаушы көрермендерді құрметтеуі керек. Олар, ең алдымен, әнші не әртістің сахнаға қалай шыққанын, қандай күйде шыққанын қадағалап отыруы керек. Кез келген жағдайда боғауыз айтуға болмайды, - деді ол.

Сондай-ақ министр «петицияға қол қою шегі көтеріле ме» деген журналистер сауалына жауап берді.

Біз кез келген мәселенің қоғамда алауыздық тудыруына жол бермеуіміз керек. Сондықтан тұрғындардың пікірін тыңдау маңызды. Соңғы апталарда өтініштерді қараған кезде шекті ұлғайту керек деген сұрақ туындады, - деді Балаева.

Фото: 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу