Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сенатор әлеуметтік желіні реттейтін заң қабылдауды ұсынды

Саясат
Сенатор әлеуметтік желіні реттейтін заң қабылдауды ұсынды

Парламентте әлеуметтік желілерді реттейтін заң қабылдау ұсынылды.

Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов халықты коронавирустан ғана емес, идеологиялық вирустан да қорғау қажеттігін айтты. Ол осы мақсатта әлеуметтік желілер жөнінде заң қабылдауды ұсынды.

«Пандемия кезінде әлемде идеологиялық вирус та тарауда. Жалған ақпарат бұл вирусты әлеуметтік желі арқылы тез таратуда. Сол себепті бізге әлеуметтік желі туралы заң қабылдау қажет», - деді Жұмағұлов.

Сенатордың сөзінше, заң сөз бостандығын шектемейді, тек әлеуметтік желідегі ақпаратты реттейді.

2013 жылы Бақытжан Жұмағұлов Білім және ғылым министрі қызметінен дәл осы әлеуметтік желідегі даудан кейін кеткен. Сол уақытта әлеуметтік желіге білім саласы қызметкерлерінің анонимді хаты жарияланған. Онда педагогтар Жұмағұловтың жұмысына көңілдері толмайтынын, минстрдің докторлық диссертациясы плагиат екенін айтқан. Кейіннен арнайы комиссия диссертацияны қарап, «Жұмағұловқа тағылған айып негізсіз» деген қорытынды шығарған.

Бұған дейін, 2011 жылы Жұмағұлов жоғары оқу орындарына «плагиат» бағдарламасын енгізуге қарсы шыққан. Ол «бұл бағдарламаның қате нәтиже көрсетуі мүмкін екенін» айтқан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу