Бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.
Ол комитетті 2019 жылғы қаңтардан бері басқарып, Қазақстан үшін ең сәтсіз Олимпиада дайындығына жауапты болды. Спортшылар 8 қола иеленіп, бірінші рет бірде-бір алтынсыз елге оралған еді.
Министрлік Сәпиевтің бұл қызметтен өзге жұмысқа ауысуына байланысты өз қалауы бойынша бас тартқанын айтты.
37 жастағы Серік Сәпиев - кәсіби боксшы әрі 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы.