«Әйелдік нәзіктікті үйреттің». Айгүл Иманбаева күйеуін туған күнімен ерекше құттықтады

Әнші алдымен өмірлік жолдасымен қалай танысқанын еске алды

Сабина Асқарқызы

  • 11.09.2024

Жақында екінші рет тұрмыс құрған әнші, актриса Айгүл Иманбаева күйеуі Ерланды жаңа жасымен құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz

Әнші алдымен өмірлік жолдасымен қалай танысқанын еске алды. 

 

"- Сәлеметсіз бе!

- Сәлеметсіз бе. Менің атым Ерлан.

- Менің атым Айгүл.

-  Танысқаныма қуаныштымын. 

- Мен де.

- Сіздің телефон нөміріңізді алса бола ма, суреттерді жіберейін деп едім...

Міне, ортақ достарымыз таныстырған кеште, біздің таныстығымыз сонау шет мемлекетте осылай басталды. Қызық, әр адам өзінің өмірлік жарын жүрегімен сезеді екен ғой. Ең бастысы - Құдайға деген сенім. Менің қасымда жаны таза, өресі биік, білімді, дамығанды жақсы көретін, бойында еш комплексі жоқ нағыз азамат болса екен деп, Құдайдан сұрайтын едім. Шын тілесең береді деген де осы шығар және "Көптің тілеуі көл" деген. Сіздердің ақ баталарыңызды өнер мен өмір жолымда тұмар қылып тақтым! Жаратқанға алғысым шексіз", - деп жазды өнер иесі.

Одан кейін әнші күйеуін туған күнімен құттықтап, ағынан жарылды.

"Бүгін менің жолдасым Ерланның туған күні. Шын жүрегіммен құттықтаймын. Сен маған әйелдік нәзіктіктің, еркеліктің қандай болатынын үйреттің. Не нәрседе де шексіздіктің бар екенін үйреттің. Ұл-қыздарымыздың, немерелеріміздің бақытын бірге көруге жазсын жаратқаным. Барлық арман-тілектерімізге бірге жетейік. "Қуанғанға құт қонады" дейді. Маған тілекші болған жандардың бәріне тілек-баталарыңыз мың еселеп қайтсын. Ұрпақтарыңыздың жолы қашанда ашық болсын. Әр әйел бақытты болуға лайықты!", - деп жазды ол. 

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген