Балалы бола алмай жүрген «Елдос Колобок» жақсы жаңалығын жеткізді

Блогер операция жасатқан.

Сабина Асқарқызы

  • 23.12.2024

Көпшілік арасында «Елдос Колобок» лақап атымен кеңінен танылған блогер желіде жақсы жаңалығын хабарлады. Сегіз жылдан бері балалы бола алмай жүрген желі жұлдызы күрделі ота жасатып, асқақ арманына бір қадам жақындағанын айтты, деп жазады Malim.kz.

Елдос Кәдірханов бұл жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария етті.

Блогер парақшасында операциядан кейін видео жариялап, өзіне қолдау білдірген көпшілікке алғысын айтты. Желі жұлдызы сәбилі болу үшін тырысып, әрекет етуді ешқашан тоқтатпайтынын алға тартты.

«Елдос Колобок» операция сәтті өткенін айтып, жеңіске аз қалғанын жеткізді.

Аллаға шүкір, ең қиын операциядан, ең ауыр сәттен өттік. Қаншама жыл нәтижесіз емделу, қаншама жыл дәрігерден «өкінішке қарай» деген жауап естіп келдік. Алланың қалауымен, елдің батасымен, көпшіліктің тілеуімен арманымызға бір қадам жақындадық. Әрекет етуді тоқтатпаймыз, тілеулес болыңыз. Бұл жеңіс емес, бірақ жеңіске аз қалды. Біз үшін бұл маңызды кезең болды. Алла қаласа, сүйінші сұрайтын күнге жетейік. Емделу барысында ішкен дәрі-дәрмек 1 айда 9.5 кг салмақ қосты. Бірақ бізге бәрібір, бастысы бізге керек нәтиже бар, - деп жазды блогер.

Байланысты жаналықтар

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

05.05.2025

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

05.05.2025

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

29.04.2025

Динара Сәтжанның құны 150 млн теңгелік неке жүзігі қызу талқыға түсті

28.04.2025

854 блогер кірісін толық көрсетпеген

27.04.2025

Басы дауға қалған блогер Daricorn баланың отбасынан кешірім сұрады

27.04.2025
MalimBlocks
Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

Адвокат Жанна Уразбахова ЖИ арқылы жасалған видеоның ешқандай қылмыс емесін айтқан

Динара Сәтжанның құны 150 млн теңгелік неке жүзігі қызу талқыға түсті

Ал образы 236 млн теңгеге жуықтаған.

854 блогер кірісін толық көрсетпеген

338 блогер 256 миллион теңге салық төледі

Басы дауға қалған блогер Daricorn баланың отбасынан кешірім сұрады