Димаш Құдайберген Қазақстанның туристік орындарында бейнебаян түсіріп жатыр

Димаш Қазақстан туризмінің елшісі атанбақ

Сабина Асқарқызы

  • 20.08.2024

ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен Kazakh Tourism ұлттық компаниясы әйгілі әнші Димаш Құдайбергенмен бірге еліміздің туристік орындарында бейнебаян түсіруге кірісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Жоба аясында тыңдармандарға Қазақстанның табиғи және мәдени қазыналарына арналған жаңа музыкалық композиция ұсынылады. Бейнебаянның түсірілімі Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, Ақмешіт үңгірі, Әзірет-Сұлтан қорық-музейі, сондай-ақ Бозжыра шатқалы, Торыш алқабы және тағы да басқа еліміздегі танымал туристік орындарда өтті. Сондай-ақ жаңа туындыда Бурабай, Қатонқарағай, Алтын-Емел, Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық парктерінің керемет көріністері көрсетіледі деп күтілуде.

«Бұл жоба Қазақстанның бірегей сұлулығына назар аудартып қана қоймай, көрермендерге өнер туындысы арқылы елімізді жаңа қырынан көрсетуге жол ашады. Бейнебаян арқылы көрермендер Қазақстанды мәдени мұрасы бай, қайталанбас табиғаты бар ерекше мекен ретінде таниды деп үміттенеміз», – деп атап өтті Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Жоба дарынды өнерпазымыздың жанкүйерлерін еліміздің табиғи және мәдени мұрасымен таныстыруға, сол арқылы Қазақстанның туризмін дамытуға мүмкіндік береді.

«Димаш – Қазақстан туризмінің елшісі атануға лайықты тұлға. Көптеген адам Қазақстанды Димаш арқылы таниды», – деп атап өтті әншінің Қытайдағы фанклубы.

«Димаш бізді өнер арқылы Қазақстанмен таныстырды. Ол өзінің концерттерінде, кездесулерде бізді әрдайым Қазақстанға шақырады. Шынайы жанкүйерлері әлемнің түкпір-түкпірінен Димаштың Отанына барады. Сондықтан біз биыл қыркүйекте өтетін Димаштың концертіне (Астана қаласында) келеміз», – деп пікір жазды жоба туралы жарияланымның астына Ольга Гриченко есімді тыңдарман.

Жоба түсірілімі Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстарының туризм басқармаларының, сондай-ақ Visit Alatau туристік ақпараттық орталығының, Air Astana және FlyArystan әуекомпанияларының, Karavansaray Turkistan кешенінің, сондай-ақ Integra Construction KZ компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды.

Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген