Кімге сенерімді білмеймін: Асқар Садықовтың қызы ойын айтты
Данеля Садықова ел-жұртқа әнші Dequine ретінде танымал
Депутаттық мандатынан айырылған экс-мәжілісмен Асқар Садықовтың қызы Данеля әкесіне қатысты пікір білдірді.
Данеля Садықова ел-жұртқа әнші Dequine ретінде танымал. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында болған жағдайға қатысты ойын айтты.
- Шыны керек, не айтарымды білмеймін. Кімге сенерімді, бұл жағдайға қалай пікір білдіретінімді де білмеймін. Өмір мені мұндайға дайындамаған екен. Харрасментті өз басынан өткерген адам үшін мына жағдай – өте ауыр стресс, - деп жазды әнші.
Дегенмен, ол зорлық-зомбылықтың барлық түрін ақтамайтынын және әйел құқығына қатысты өз ұстанымдарына берік екенін айтып өтті.
Еске салайық, бұған дейін әнші Dequine өз әріптестерін харрасмент жасады деп айыптаған еді. Енді әлеуметтік желі қолданушылары әкесіне қатысты оқиғадан кейін әншінің жеке парақшасына шабуылдап, түрлі жағымсыз пікірлер қалдырып жатыр.
Оқи отырыңыз: Партиядан қуылған Асқар Садықов мәлімдеме жасады
Фото: Коллаж Malim.kz