«Көзіме шөп салды»: Сейфуллин Жолбарыстың бұрынғы әйелі шындықты айтты

Өнер иесі екі жыл бұрын ресми түрде ажырасқан

Сабина Асқарқызы

  • 02.12.2024

Сейфуллин Жолбарыстың бұрынғы әйелі Екатерина Вайт тележүргізуші Анна Данченкоға сұхбат беріп, күйеуімен ажырасуына не түрткі болғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Вайттың сөзінше, екеуі осыдан екі жыл бұрын ресми түрде ажырасқан. Алайда олар бағдарламаларға ерлі-зайыпты ретінде келіп, сұхбат беріп жүрді.

«Біз ажырасқаннан кейін мен бөлек кеттім. Қыздарыммен бөлек тұрдым. Ол қайта қосылуға талай тырысты. Қасыма келеді, мен кешіріп, қасыма кіргізіп алған кездер болды. Мен қайта қосылып кететін шығармыз деп ойладым. Бұлар сол аралықта түсірілген сұхбаттар. Ол ешкімге айтпай-ақ қояйық деді», - дейді Екатерина Вайт. 

Ол күйеуінің теріс әрекеттері жөнінде сөз қозғады.

«Біздің өмірімізде көзге шөп салу эпизодтары бір емес бірнеше рет болды деп айтқанымда, қасымда отырған Сейфуллин қақалып қалған еді. Менің өте ащы сөйлейтінім бар. Тік мінездімін. Содан да өмірде көп таяқ жеймін. Ешкімге жағымпазданбаймын. Қалай бар солай айтамын. Ұнасын, ұнамасын кешіріңіздер деймін. Бірақ, сол кездері отбасымды қандай жағдай болса да, сақтаймын деген мақсатым болды. Екіншіден, ол кісіге ренжу мүмкін емес. Кішкентай бала сияқты. Ойына келгенін істей салады. Артынша өзін соған жауапты екенін сезінбейді. Ол нәрсені бетіне басқан емеспін», - деді Екатерина.

Байланысты жаналықтар

«Алғыс айтамын»: Сейфуллин Жолбарыс әйелімен ажырасқанын растады

18.11.2024

«Тағы ажырасты»: Сейфуллин Жолбарыс ел арасында тараған әңгіменің нүктесін қойды

01.11.2024
MalimBlocks
«Алғыс айтамын»: Сейфуллин Жолбарыс әйелімен ажырасқанын растады

Бұл туралы әншінің жұбайы Екатерина мәлім етті

«Тағы ажырасты»: Сейфуллин Жолбарыс ел арасында тараған әңгіменің нүктесін қойды

Өнер иесі әйелімен бірге түскен суретін жариялады