Күзетшісіз жүрген Дариға Бадықова мен Олжас Абай жұртты таңғалдырды

Танымал өнер иелері бұған дейін күзетпен жүріп, басы дауға қалған еді.

Сабина Асқарқызы

  • 11.06.2024

Әлеуметтік желіде танымал актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абайдың тойда билеп жүрген видеосы таралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Тойда көпшіліктің арасында емін-еркін билеп жүрген өнер иелері қызу талқыға түсті. Олардың күзетсіз жүргеніне көпшілік таңғалып жатыр.

«Күзетшілері қайда жүр?», «Күзетшісі көрінбейді», «Бұлар күзетсіз қалай билеп жүр?», «Күзетшілерсіз жүре алады екен ғой», - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Айта кетейік,  Дариға Бадықова мен Олжас Абай Атырау облысындағы мейрамханаға күзетпен барып, елдің сынына қалған еді. Өнер иелері бұлай істеуіне не себеп болғанын жасырмай айтты.

Біз «болдық, толдық, күзетші беріңдер» демедік. Біз корпоративке бардық. Бізге де ақша керек иә. Мейрамхана иесі өздері берді. Өйткені, халық жылына бір рет көңіл көтереді, қысылмасын деп. Әртүрлі адамбыз, біреу бірдеңе істеп кете ме, тығып ала ма деп қорқамыз. Оны екі түрлі бағытта шығарған. «Батыс жабайы» деп. Мен батыс өңірін жабайы деп айта алмаймын. Кассаның 70 пайызын батыс өңірінің халқы жасаған. Елге, жерге бөліну емес. Бірақ, батыс өңірінің халқы жанашыр, - дейді Дариға Бадықова.

Актриса кезінде өзінің ауылға әншілер келгенде жабысып, артынан жүгіргенін де айтты.

Дариғаның шашынан жұлып, көп адам қысылып қалды. Бір күнде 8 мейрамханаға бардық. Біреуінде күзетсіз болғанда «өліп қала» жаздадық. Бірінен шығып, біріне үлгермей жаттық, - дейді Олжас Абай.

Дариға Бадықова еліміздегі өнер иелерінің күзетпен жүргеніне қуану керек деп есептейді.

Қайта біздің елдің актерлары күзетпен жүргеніне қуану керек. Голливудта күзетпен жүреді екен деп таңдандық қой. Бізде неге қуанбайды? Неге өзіміздің болып жатқан нәрсемізге қуанбаймыз? Қазақ спорт пен өнерден басқа несін дәлелдейді?, - деп айтты актриса.

Фото: instagram.com/dariga_badykova

Байланысты жаналықтар

Алматыда ер адам күзетшіні аяусыз соққыға жыққан

06.04.2025

Криштиану Роналду қашан үйленетінін тұспалдап айтты

23.03.2025

"Көйлек керек". Динара Сәтжан үйлену тойына дайындыққа кірісті

22.03.2025

Ақбота Керімбекованың шаңырағында ұлан-асыр той

01.03.2025

Мәдениетті құртып жатқан әншісымақтарға айыппұл салу керек – Саят Медеуов

21.01.2025

«Бәрі маскамен жүреді»: Айжұлдыз Адайбекова ұзату тойын қалай жасайтынын айтты

20.01.2025
MalimBlocks
Алматыда ер адам күзетшіні аяусыз соққыға жыққан

Желіде Алматыдағы тұрғын үй кешенінің ауласында күзет қызметкерін соққыға жыққан ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды. Полиция бұл жайтқа қатысты пікір білдірді

Криштиану Роналду қашан үйленетінін тұспалдап айтты

Әлемге әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду сүйіктісі Джорджина Родригеспен үйлену мерзімі туралы ой бөлісті

"Көйлек керек". Динара Сәтжан үйлену тойына дайындыққа кірісті

Ақбота Керімбекованың шаңырағында ұлан-асыр той

Мәдениетті құртып жатқан әншісымақтарға айыппұл салу керек – Саят Медеуов

Әншінің пікірінше, қазіргі таңда сахна деңгейі төмендеп, өнер сапасы құлдырап жатыр

«Бәрі маскамен жүреді»: Айжұлдыз Адайбекова ұзату тойын қалай жасайтынын айтты

Актриса екінші рет тұрмысқа шыққан болатын