«Өліп кетсем де бала туып беремін». Майра Мұхамедқызы күйеуі екеуінің басынан өткен сынақ туралы айтты

Ол күйеуін өнерінің қорғаны екенін айтты.

Сабина Асқарқызы

  • 19.11.2024

Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы Дана Нұржігітке берген сұхбатында өмірлік жолдасының қалай қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Дана Нұржігіт өнер иесінің жары Ақсан қай кезде де көлеңкеде қалса да, оның ерекше тұлға екенін алға тартты. Әнші де мұнымен келісіп, күйеуін өнерінің қорғаны екенін айтты.

Парасатты, жүрегі тап-таза адам. Мен оған риза болатыным - екеуміздің арамызда 20 жыл бала болмады. Сол кезде мен оған «өліп кетсем де бала туып беремін. Әйел ретінде саған қарызбын» дедім. «Егер бала туа алмасам, басқаға кетуіңе болады. Махаббатымды қиямын» дедім. Ол баланы Алла беретінін айтып, мәңгі менімен бірге болуға уәде берді. Мен өз сөзімде тұрып, қыз тудым, - дейді Майра Мұхамедқызы.

Әнші күйеуінің кез келген дүниені ерекше махаббатпен жасайтынын тілге тиек етті.

«Қызым, мен сені армандарыңа жеткізсем, мен бақыттыммын» дейді. Ешқашан шаршадым деп айтпайды. Барлығын махаббатпен істейді. Өнер жолыма қорған ретінде осы жігітті берген шығар деп ойлаймын. 18 жастан бері, яғни 40 жыл біргеміз, - деді әнші.

Фото: "Астана Опера"

Байланысты жаналықтар

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Әкеме операға шақырту апарғанда дүниеден өтті - Майра Мұхамедқызы

28.04.2025

«Төрімізді көр қылуға дейін барады»: Дана Нұржігіт Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау білдірді

30.01.2025

«Енді сахнаға ұялмай шығамын»: Майра Мұхамедқызы Халық әртісі атағын ұзақ күткенін айтты

24.10.2024

«Бұл тозақты көрмесем...»: Дана Нұржігіт экс-күйеуінен көрген қорлығын айтты

10.10.2024

Дана Нұржігіт күйеуімен ажырасып, 3 жылға соттатып жібергенін мәлімдеді

08.10.2024
MalimBlocks
«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Әкеме операға шақырту апарғанда дүниеден өтті - Майра Мұхамедқызы

Опера әншісі әкесі дүниеден өткен күні сахнада өнер көрсеткенін де жасырмады

«Төрімізді көр қылуға дейін барады»: Дана Нұржігіт Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау білдірді

Қазір актриса үйге байланысты соттасып жатыр.

«Енді сахнаға ұялмай шығамын»: Майра Мұхамедқызы Халық әртісі атағын ұзақ күткенін айтты

Өнер иесі бұл атақты былтыр береді деп күткен

«Бұл тозақты көрмесем...»: Дана Нұржігіт экс-күйеуінен көрген қорлығын айтты

Дана Нұржігіт заңға арнайы бап енгізуді талап етіп отыр

Дана Нұржігіт күйеуімен ажырасып, 3 жылға соттатып жібергенін мәлімдеді

Ол өз-өзіне келу үшін біраз уақыт жұмсағанын да алға тартты.