«Опық жедім». Қайрат Нұртастың жары ел алдында жақынымен соттаспақ

Актрисаны жақын адамы алдап кеткен

Сабина Асқарқызы

  • 26.09.2024

Танымал актриса Жұлдыз Әбдукәрімованы жақын адамы алдап, құжаттарға қол қойғызып алған, деп хабарлайды Malim.kz.

Әнші Қайрат Нұртастың жары көпшілікпен сырласып, ел алдында өзін алдаған алаяқты сотқа беретінін мәлімдеді.

"Айтсам ба, жоқ па деп көп ойландым. Ешкімнің абыройын түсіргім келмеп еді. Алайда бұққан сайын, сұғып барады. Осыдан 3-4 жыл бұрын жақын адамымнан опық жедім. Оңдырмай алдап кетті. Барымды тартып алды. «Жаным, күнім» деген адамнан сатқындық көремін деп кім ойлаған? Қазір есіме түсіріп, өзіме таңқаламын. Қалайша жол бердім? Осынша уақыт қалай үндемей шыдап келдім. Ол уақыт мен үшін сынаққа толы күндер еді. Жаным қиналып, айналамнан ақыл сұрайтын адам таппай басымды тауға да, тасқа да соғып жүргенде алдымнан «күндей» жарық бір кісі шықты. Бәлкім, менің құтқарушым осы болар деп ойладым", - дейді Жұлдыз Әбдукәрімова.

Актриса ол адамның іш-бауырына кіріп, сырын тыңдап, үйінен талай ас ішкенін де жасырмады.

"Қит етсе қалымды сұрап, менің жағдайымды өзінікіндей көріп, уайымдап жүрді. Менің ештеңеден хабарым болмай, жаратқанға алғыс айтумен болдым. Жарты жыл қасымда жүріп, мендегі қымбат дүниені санап жүрген екен. Мен өз қайғымнан есімді жия алмай жүргенде, ол біраз құжатқа қолымды қойдырып алды. Ертең сол кісімен кездесуге барамын. Мәселе шешілмесе, сотта кездесеміз. Егер оқырманым талап етсе, соттың елдің алдында онлайн өткенін талап етемін. Сотта барлығы айтылады. Оның әділ өтеріне сенемін", - деп жазды актриса.

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген