Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы FlyArystan ұшағында жарақат алды

Ол әуекомпанияның үстінен арыз жазды.

Сабина Асқарқызы

  • 14.08.2024

Танымал тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы FlyArystan ұшағында денсаулығына зақым келгенін мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

"Бүгін кешкі 21:50 кезінде KC7326 рейсімен Шымкенттен Астанаға ұшып келдім. Ұшақтың есігі ашылмай, тұрып кеткен жанымдағы жолаушының абайсыздығынан бетіме үстіңгі сөреде тұрған ауыр зат маған құлап, көзімнің тұсын жырып, қабағым жарылды. Flyarystan әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан осы жағдай орын алды. Бортсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ", - деп шағымданды Ләйлә Сұлтанқызы. 

Журналист рейсте алғашқы көмек қарастырылмағанын алға тартты. 

"Менің орнымда бала, қарт адам отырып, басы жарылса, қатты жараланса, миы шайқалса, көп қан кетсе жағдай қиын болар еді. Әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті!" - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Байланысты жаналықтар

Ләйлә Сұлтанқызы Арман Дүйсеновті еске алып жылап қалғанын айтты

14.03.2025

«Қандарын ішем»: Ләйлә Сұлтанқызы салыққа қатысты қауесетке жауап берді

19.02.2025

Ләйлә Сұлтанқызы анасының қандай қиындықтардан өткенін айтты

17.02.2025

«Бәрі бір Алланың қолында». Ләйлә Сұлтанқызы жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады

17.01.2025

Ләйлә Сұлтанқызы меценат күйеуінің қазасына не себеп болғанын айтты

08.01.2025

«Жанымызды шүберекке түйдік». Ләйлә Сұлтанқызы адамдарды мейірімді болуға шақырды

27.12.2024
MalimBlocks
Ләйлә Сұлтанқызы Арман Дүйсеновті еске алып жылап қалғанын айтты

Ол композиторды дұғасына қосатынын да жеткізді.

«Қандарын ішем»: Ләйлә Сұлтанқызы салыққа қатысты қауесетке жауап берді

Ол әлеуметтік желіде таралған суретте жалған ақпарат көрсетілгенін атап өткен

Ләйлә Сұлтанқызы анасының қандай қиындықтардан өткенін айтты

Ол анасының арқасында әжеге, әкеге деген құрметті көріп өскенін алға тартты.

«Бәрі бір Алланың қолында». Ләйлә Сұлтанқызы жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады

Тележүргізуші әлеуметтік парақшасында өзгерістер болатынын жеткізді.

Ләйлә Сұлтанқызы меценат күйеуінің қазасына не себеп болғанын айтты

Көпшілік арасында оның өлімінің себебі туралы түрлі болжамдар айтылып жүрген

«Жанымызды шүберекке түйдік». Ләйлә Сұлтанқызы адамдарды мейірімді болуға шақырды

Ол Ақтаудағы қайғылы оқиға өзіне ауыр тигенін айтты.