«Хиджаб кигізіп, намаз оқытам». Ұланғасыр Қами болашақ әйеліне талаптарын айтты

Ол «Хиждаб» арабтікі» деген сөзге пікірін білдірді

Мәди Саматұлы

  • 21.07.2024

Белгілі әнші Ұланғасыр Қами әлеуметтік желіде «Хиджаб – арабтікі. Неге адасасыздар? Оның бәрін әйелдер бір күні шешеді» деген сұраққа қатысты өз ойын білдірді. Оның айтуынша, қазақ хиджаб киетін мұсылман. Сондықтан (хиджаб – ред.), кимесе, өзі кигізіп алмақ. Намаз оқымаса да өзі үйретпек. Сонымен бірге, анасы екеін бірдей сыйлайтын қыз іздейтінін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

«Көшеге әтірін сеппей шығып, күйеуінің алдында ғана себетін, көшеге боянбай шығып, күйеуінің алдында ғана боянатын» деген талаптарды қатты ұстанам. Соған дайын әйел болса, алам, дейді ол.

Сондай-ақ, шын түсініп киген әйел хиджабты басын кесіп алса да шешпейтінін айтты. Сол себепті де өз әйеліме кигізбек.

Кигізе ме, шешіндіре ме, шешіп ала ма – басқасында шатағым жоқ. Соған көнетін әйелді аламын, көнбесе, алмаймын. Неге, арабтікі ме – маған бәрібір. Мен оны түсініп тұрмын, түсенетін әйел іздеймін. Кимеймін десе, «чао» деймін. Өйткені, мен болашақ әйелімді санын жалтыратып ешқайда шығарғым келмейді.

Ал енді неге хиджаб кигізесің деген сұрақ болса, ер адам өзіне жауапкершілік алады ғой… Үйленгеннен кейін екінші адам үшін де жауаптысың. Ақыретте екі адам үшін сұраласың. Сол үшін хиджаб киіп, дұрыс жүрмейтін әйел болса, үйленбей-ақ қойған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, өзімізді қатыра алмай жүргенде, екінші адам үшін сұралғым келмейді. Әйелін өлтіріп қойды дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталған шаруа. Ұстаздар баяғыдан айтып келе жатыр. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады, күйеуі оны естиді де, барып өлтіріп қояды деген сияқты, деді ол.

Фото: әлеуметтік желіден

Байланысты жаналықтар

АҚШ-та 63 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел аман табылды

07.05.2025

Алматыда экс-полицей сүйіктісін өлтірді деген күдікке ілінді

04.05.2025

Қызғалдақ жұлған әйел кінәсін мойындады: полиция істің мән-жайын айтты

02.05.2025

Ақтөбеде 50-ден аса тұрғынды алдаған әйелге қатысты сот жүріп жатыр

01.05.2025

Оралда әйел биіктен секірмек болған

28.04.2025

Қазақстандық әйел Сирияға кетіп, қыздарын лаңкестерге тұрмысқа бермек болған

24.04.2025
MalimBlocks
АҚШ-та 63 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел аман табылды

Алматыда экс-полицей сүйіктісін өлтірді деген күдікке ілінді

Қызғалдақ жұлған әйел кінәсін мойындады: полиция істің мән-жайын айтты

Ақтөбеде 50-ден аса тұрғынды алдаған әйелге қатысты сот жүріп жатыр

Оралда әйел биіктен секірмек болған

Қазақстандық әйел Сирияға кетіп, қыздарын лаңкестерге тұрмысқа бермек болған

Астанада әйел экстремистік материалдарды таратқаны және террористік топқа қосылуға әрекеттенгені үшін сотталды