Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханаға жатқызылды

Өнер иесі басы ауырып жүргенін айтқан.

Сабина Асқарқызы

  • 13.06.2024

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өзінің сөзіне қарағанда, дәрігерлер әзірге нақты диагноз қоймаған. Тек өзі көптен бері басы ауырып жүрген көрінеді.

Осыдан екі күн бұрын қатты ауырып, ауруханадан бір-ақ шықтым. Қазір ем қабылдап жатырмын. Неврология бөліміндемін. Әзірге дәрігерлер нақты диагноз қойған жоқ. Бірінші ем алуым керек екен. Қан талдамасын жасады. Ертең МРТ аппаратына түсіреді, сосын бәрі белгілі болады. Негізі 2016 жылдан бері басым ауырып, соған тиісті ем қабылдап жүргенмін. Кейіннен карантин басталып кетті де, ем алуды мүлдем ұмытып кеттім, есімнен шығыпты. Әйтпесе әр алты ай сайын ем алуым тиіс еді. Қазақилыққа салынып, «басымның сақинасы ұстап тұр» деп, немесе «шай ішпегеннен шығар», «біреуден сөз есітіп, соның салдарынан шығар» деп немқұрайдылықпен қарай саламыз. Негізі олай болмайды, бастың жөні бір бөлек екен, -  деді Жұлдыз Әбдікәрімова Іnstagram-дағы Stories бөлімінде. 

Желі қолданушылары Жұлдыз Әбдікәрімоваға тезірек сауығып кетуін тілеп жатыр.

«Ем болсын, тез жазылыңыз», «Жұлдыз, сізді жақсы көреміз, жазылып кетіңіз», «Балаларыңызға ертерек оралыңыз, шипасын берсін», «Менің де басым жиі ауырады. Сақинасы ұстап жатыр деп жүре беремін. Емделу өте қымбат, ақшамды қимаймын», - деп жазды оқырман қауым.

Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Байланысты жаналықтар

Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет гүлді кімнен алғанын айтты

29.04.2025

Айжұлдыз Адайбекова ұзатылды

25.04.2025

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

24.04.2025

Танымал актриса қызының шетелдікке тұрмысқа шыққанын айтты

16.04.2025

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

16.04.2025

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

15.04.2025
MalimBlocks
Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет гүлді кімнен алғанын айтты

Актрисаның жасы ол кезде 11-де болған.

Айжұлдыз Адайбекова ұзатылды

Актриса образымен ерекшеленді.

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

Актриса продюсерлікті қолға алған.

Танымал актриса қызының шетелдікке тұрмысқа шыққанын айтты

Актриса қызының таңдауына қарсы болғанын атап өтті

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

Ол жолда қалып қойған.

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

Актриса 37 жасқа толды.