Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Синоптиктер 12 маусымда ауа райы күрт бұзылатынын ескертті

Экология
Синоптиктер 12 маусымда ауа райы күрт бұзылатынын ескертті

Қазақстанда алдағы бейсенбіде, 2025 жылғы 12 маусымда ауа райының күрт бұзылады деп күтіледі: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ жауады. Ал кейбір аймақтарда аптап ыстық болатыны болжанады, деп хабарлайды Malim.kz.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, жауын-шашынсыз ауа райы тек еліміздің шығысында ғана антициклон әсерінен сақталады.

"Республикамыздың басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында қатты жаңбыр болады, солтүстік-батыста, орталықта бұршақ түседі. Республикамыз бойынша желдің күшейетіні күтіледі, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман болады. Күндіз Жетісу, Абай, Алматы облыстарында, БҚО-да, Атырау облысында +35...+38°С қатты ыстық болады деп күтіледі", деп болжанады. 

Сондай-ақ, мына өңірлерде өрт қаупі жоғары болады: Алматы, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе өңірінің орталығында, Жамбыл облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік бөлігінде;

Төтенше өрт қаупі жоғары – Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Атырау өңірінің солтүстік-батысында, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының  батысында, Абай облысының  оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында.  

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу