Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

Экология
Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

11 мамырда Қазақстанда жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі, – деп хабарлайды Malim.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

11 мамырда Қазақстанның батысында нөсер жауады деп күтіледі. Республиканың көптеген өңірінде жел күшейіп, оңтүстік-батыс және оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл соғады.

Солтүстік-батыста түнде ауа температурасы 6–16 градустан 10–20 градусқа дейін, күндіз 18–26 градустан 20–35 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстікте түнде 10–17 градустан 5–13 градусқа дейін төмендеп, күндіз 17–27 градустан 13–23 градусқа дейін өзгереді. Оңтүстікте түнде 12–20 градус, күндіз 24–32 градустан 28–37 градусқа дейін ыстық болады.

Елдің басқа өңірінде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Фото: pixabay.com 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу