Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Словакия премьері Politico таратқан ақпаратты жалған деп атады

Әлем
Словакия премьері Politico таратқан ақпаратты жалған деп атады
Фото: Reuters

Словакия премьер-министрі Фицо Трамптың психикалық жағдайына алаңдаушылық білдірді деген материалдан кейін Politico-ны сынға алды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Ешкім ештеңе естіген жоқ, ешкім ештеңе көрген жоқ, куәгерлер де жоқ. Соған қарамастан, Politico порталы жалған ақпарат таратуға еш кедергісіз барды», – деді Словакия премьер-министрі.

Ол Брюссельде өткен бейресми саммитте сөз сөйлемегенін және АҚШ-қа сапарын бірде-бір премьер-министрмен немесе президентпен талқыламағанын қосты.

«Politico-ның мақсаты – Словакияның әлемнің барлық өңірімен конструктивті қарым-қатынастарын бұзу», – деп мәлімдеді Роберт Фицо.

Оның айтуынша, басылым оған ерекше назар аударады, өйткені «егемендікті, ұлттық мүдде үшін күресті және өз пікірін» «қылмыс деп санайды».

Бұған дейін Politico бес еуропалық дипломатқа сілтеме жасап, Фицо Трамппен кездесуден кейін оның мінез-құлқын «қауіпті» деп сипаттағанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ басылым дереккөздерінің мәліметінше, словакиялық премьер АҚШ президентін «ақылынан адасқан» деп атаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу