Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Смайылов: Төмен кредиттік рейтингінде тұрған компанияларға мемлекеттік қолдау берілген

Құқық
Смайылов: Төмен кредиттік рейтингінде тұрған компанияларға мемлекеттік қолдау берілген
pixabay.com

Жеңілдетілген қаржыландыру шарттарына сәйкес келмейтін жобаларға жиі қолдау жасалған. Бұл туралы кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдаудың тиімділігіне жүргізілетін аудит бойынша есепті жариялау кезінде Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов айтты.

 «БАҚЫЛАУДА» ақпараттық сервисінің мемлекеттік қолдау шаралары үшін цифрлық платформа болу перспективасы екіталай. Оның мәртебесі заңмен бекітілмеген. Кейбір операторлар мен мемлекеттік органдар оған деректерді енгізбейді. Ондағы деректердің анықтығы мен сапасы үшін ешкім жауап бермейді. Сервисте тексерілмеген әрі 2023 жылға дейінгі деректер ғана бар. Ең бастысы, оны Қаржы министрлігі әкімшілендіреді, ал Ұлттық экономика министрлігінің бұған қатысы жоқ. Бір-бірімен үйлеспейтін мемлекеттік қолдау жүйесі салдарынан көптеген оператор пайда болды. Мәселен, қарыздарды субсидиялау, экспорттық қаржыландыру, консультация беру, шығындардың бір бөлігін өтеу операторлары және басқалары бар. Операторлардың қызметіне жұмсалатын шығыстарды есептеу бірыңғай емес. Әр оператор өз қызметінің құнын өз қалауынша айқындайды, — деді Әлихан Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда ол операторлар көрсеткен қызметтердің сапасына бағалау жүргізілмейтінін айтты. Бұл ретте ведомствоаралық үйлестіру жеткіліксіз болғандықтан, операторлар өз ережелерін орнатқан. Кейбір операторлар өтінімді мақұлдау кезінде кәсіпкерлерден заңнамада көзделмеген құжаттарды талап етеді. Басқа операторлар мемлекеттік қолдауға тең қол жеткізуді және оны берудің ашықтығын қамтамасыз етпейді.

— «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы «Мен — кәсіпкер» құралы бойынша жекелеген субъектілерге консультация берумен ғана шектеледі. Кейбіреулерге қосымша көрмелер, бизнес оқыту өткізеді, бизнес-жоспар әзірлеп береді. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы «Іскерлік байланыстар» жобасына өтінімдерді қабылдау ресми түрде басталғанға дейін өтінім беру туралы алдын ала хабардар болған адамдарды жіберген. Сондай-ақ түрлі шекті сыйақы мөлшерлемесімен ұқсас қолдау шаралары қатар көрсетілген. Төмен кредиттік рейтингіне қарамастан, бірқатар компанияға мемлекеттік қолдау берілген. Ал көпшілік үшін бұл шектеу сақталған. Жеңілдетілген қаржыландыру шарттарына сәйкес келмейтін жобалар да жиі қолдау алып отырған. Мұның барлығы жалпы кәсіпкерлер үшін қолдау шараларының қолжетімді болуын қиындатады, — деді ЖАП басшысы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу