2 мың оқушы «Qaisar» әскери-патриоттық жобасына қатысуда

  • 02.05.2022

«AMANAT» жастар қанаты ұйымдастырған «Qaisar» әскери-патриоттық ойынының іріктеу кезеңіне 10 және 11 сыныптардың 1700-ден астам оқушысы қатысты.

Нағыз әскери өмірдің қыр-сыры, жүгіру мен жүзуден спорт жарыстары, «Менің елім – Қазақстан» тақырыбындағы викторина - еліміздің барлық өңіріндегі жоғары сынып оқушылары «Qaisar»-дың финалына шығу үшін сайысты. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның басты мақсаты - өскелең ұрпақтың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру.

«Жастар өздерінің физикалық дайындығын, ерік-жігері мен төзімділігін көрсетті. Бұл ойындар оларды салауатты өмір салтын ұстануға ғана емес, өздері үшін, жақындары үшін, Отаны үшін жауапкершілікті сезінуге де баулиды.  Сол арқылы жастардың бойында патриоттық рух қалыптасады», - деп атап өтті «AMANAT» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев.

Сонымен қатар, еліміздің жоғары сынып оқушылары үшін Отан қорғаушылар күніне орайластырылған «Сарбаз болғым келеді» акциясы өтуде. Ол әскери бөлімдердің аумағында ашық есік күндері түрінде өтіп жатыр. 

«QAISAR» диалог алаңы да ерекше назар аударуға тұрарлық. Онда оқушылар әскери қызмет туралы сұрақтарына жауап алып, қазақстандық сарбаздардың, офицерлер мен ерлік көрсеткен азаматтардың батырлығы туралы мәліметтерге қаныға алады.

«Біз бұрын өзіміз де білмеген жаңа қырларымызды ашып жатырмыз. Бір-бірімізбен таныстық, жаңа достар таптым. Мұндай жарыстар тек денемізді шынықтырып қана қоймай, бойымызда жоғары моральдық қасиеттерді де қалыптастыратыны анық», - деп өз әсерімен бөлісті Батыс Қазақстан облысынан келген қатысушы Николай Ленский.

Айта кетейік, биыл 4, 5 мамыр күндері Нұр-Сұлтан қаласында финалдық кезең өтеді. Оған 102 финалист қатысады. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Естеріңізге сала кетейік, партияның жастар қанаты «Qaisar» әскери-патриоттық жобасын іске қосатыны туралы осы жылы 1 наурызда өткен «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXII съезі барысында айтқан болатын.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін