Алматы әуежайында "бомба" бар деген күдікпен адамдар эвакуацияланды

Алматы қаласы полиция департментінің хабарлауынша, қала бойынша 7 аумақта "бомба" бар деген хабарламадан кейін адамдар эвакуациялана бастаған.

Ақниет Аманжолқызы

  • 31.03.2022

"Бомба" қойылды деген ғимараттар қатарында Алматы халықаралық әуежайы, 3 банк пен 2 сауда орталығы және 1 жоғарғы оқу орны бар.

"Алматы халықаралық әуежайы терминал аумағына "бомба" қойылды деген ақпарат келіп түскенін растайды. Қауіпсіздік шарасына сай қызметкерлер мен жолаушылар ғимараттан эвакуацияланды", - деп хабарлады әуежай баспасөз қызметінен.

Полиция банктердегі, сауда орталықтарындағы және жоғарғы оқу орнындағы жағдай бірқалыпты екенін, хабарламалар жалған болғанын айтты.

Алматыдан бөлек Нұр-Сұлтан мен Қарағанды қалаларында да жарылғыш зат қойылды деген хабарлама тараған.

Елордада екі автосалон мен екі сауда орталығының электронды поштасына "бомба" бар деген хабарлама келіп түскен. Қарағандыда таңғы тоғызда 102ге таңғы 9да хабарласқан адам "Автомобиль тіркеуге арналған халыққа қызмет көрсету орталығы аумағында жарылғыш зат бар" деген. Қазір аумақтан адамдар эвакуацияланып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Байланысты жаналықтар

Мысырда қазақстандық әйел қаза тапты

18.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025
MalimBlocks
Мысырда қазақстандық әйел қаза тапты

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді