Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан сүрілді

 Анықталғандай, ғимаратты салуға рұқсат берілмеген.

Malim Админ

  • 14.03.2024

Алматыда екі қабатты ғимарат бұзылды, деп хабарлайды қала әкімдігі.  Анықталғандай, ғимаратты салуға рұқсат берілмеген.

«Қала құрылысын бақылау басқармасы меншік иесінің (жеке тұлға) рұқсат беру құжат пакеті болмаса да, нысан салғанын хабарлады. 2023 жылғы 27 наурызда басқарма меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдады және заңға бұзушылықты реттеуге  нұсқама берді. Меншік иесі нұсқаманы орындамағандықтан, өткен жылдың 25 маусымында Алматының Наурызбай аудандық сотына осы ғимаратты бұзуға талап арыз берілді. 2023 жылдың 30 қазанында бұзу туралы талап қанағаттандырылды», - делінген хабарламада.

Сот шешімін орындау үшін меншік иесі бұған дейін объектіні өз бетінше бөлшектеуді бастаған, бүгінде сот орындаушылардың қатысуымен сүру жүргізілуде.

 

Фото: әкімдік

Байланысты жаналықтар

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

06.05.2025
MalimBlocks
Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

Жиын барысында қыз баланың инабаттылығы, киімі мен жүріс-тұрысы туралы уағыз-насихат айтылған