«AMANAT» МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ байқауы басталды

  • 27.05.2022

 

20 мамыр, 2022. «AMANAT» партиясы бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында республика деңгейінде өтетін дәстүрлі байқаудың басталғанын хабарлайды.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің әлеуетін арттыруға бағытталған ашық байқауда еліміз үшін аса маңызды саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени тақырыптар қамтылған үздік материалдар сынға түседі.

Биылғы медиа сыйлық БАҚ жанрлары бойынша емес, тақырыптық бағыттар бойынша ұсынылған үздік жұмыстарға беріледі.

Сондай-ақ, «AMANAT» медиа сыйлығы аясында арнайы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Сөз зергері» сыйлығы, Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» және белсенді азаматтық ұстанымы үшін деген номинацияда арнайы сыйлықтар қарастырылған.

Өтінімдер 20 мамырдан 20 маусымға дейін қабылданады. Жеңімпаздар 24 маусым күні  салтанатты түрде марапатталады. Биылғы байқаудың үздіктері «AMANAT» медиа сыйлығы мүсіншесімен және қаржылай сыйлықпен марапатталады.

Байқау жеңімпаздары екі бағыттағы он номинация бойынша анықталады.

 

Тақырыбы бойынша:

• «Жаңа Қазақстанды» құру туралы үздік материал;

• «AMANAT» партиясының трансформациясы туралы үздік материал;

• Әлеуметтік мәселеге арналған үздік материал;

• Аймақ туралы үздік материал;

• Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы; туралы үздік материал;

• Жастар туралы үздік материал;

• Рухани-мәдени дамуға арналған үздік материал.

 

Арнайы сыйлықтар:

• Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Сөз зергері» сыйлығы;

• Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы;

• Белсенді азаматтық ұстанымы үшін сыйлығы.

Көрсетілген әр номинация бойынша жеңімпаз жеке табыс салығын есепке алмағанда 1 (бір) миллион теңге мөлшерінде «AMANAT МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ» сыйлығымен марапатталады

Байланысты жаналықтар

Бала зорлағандар қалай жазаланатыны белгілі болды

28.11.2023

Су тасқынынан қорғау жұмыстары қалай жүргізіледі?

28.11.2023

Оралда куратор студенттерге арақ ішуге рұқсат берген

28.11.2023

Абылай Мырзахметовтің қамау мерзімі 10 желтоқсанға дейін ұзартылды

27.11.2023

Оралда тұрғынның басына кірпіш құлап, көз жұмды

27.11.2023

Тағы да шахтада жұмысшылар қаза тапты

27.11.2023
MalimBlocks
Бала зорлағандар қалай жазаланатыны белгілі болды

Мұндай әрекетке барған адам келесіде ауыр қылмыс жасайды

Су тасқынынан қорғау жұмыстары қалай жүргізіледі?

Оралда куратор студенттерге арақ ішуге рұқсат берген

Орал қаласындағы жоғары көпсалалы Болашақ колледжінің оқытушысы әрі екінші курс студенттерінің кураторы Айгерім Жасталапқызы кәмелет жасына толмаған (16 жас) студенттерге арақ, вино ішуге рұқсат берген. Мұны растайтын аудиофакт Malim.kz  редакциясына келіп түсті.

Абылай Мырзахметовтің қамау мерзімі 10 желтоқсанға дейін ұзартылды

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-басшысы Абылай Мырзахметов 10 желтоқсанға дейін қамауда отырады. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметіне сүйенген жергілікті ақпарат құралдары жазды.

Оралда тұрғынның басына кірпіш құлап, көз жұмды

Оқиға Назарбаев даңғылы бойында болған. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша тергеп-тексеру жүріп жатқанын хабарлады.

Тағы да шахтада жұмысшылар қаза тапты

1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлер жарақат алған