Ақтөбе жедел жәрдемі Тоқаевтан жәрдем сұрады

Malim Админ

  • 15.05.2020

Ақтөбеде жедел жәрдемнің қызметкерлері  президент Қасым- Жомарт ТОҚАЕВ уәде еткен үстемақыдан бір тиын да ала алмай отырғандарын айтып наразылыққа шықты. Таң атысымен жедел жәрдем ғимаратының алдына жиналған 60-қа жуық қызметкер төленуге тиіс үстемақыны айтпағанда, тіпті бір реттік киілетін қорғаныш киімдерін де бір айдан бері ауыстырмастан шақыртуларға шығып жүр екен. Ал облыстық бюджеттен 100 000 теңгеден  беріледі деген үстемақының  тек 37 000 теңгесі ғана түскен.

«Президент мырза, министр мырза бізге бөлінген сол ақша қайда кетті? Неге жергілікті органдар бізді алдап жатыр?  Неге ешкім бізге түсіндіріп айтпайды? Басында 3-ші категория мен жүргізушілерге 212 500 теңге бөлінеді деп айтты. Оған ештеңе де бөлінген жоқ», - дейді жүргізуші Арман ҚҰЛЫМБЕТОВ.

Күнде басымызды қатерге тігіп жүрміз деген қызметкерлер тіпті бір реттік киілуге тиіс қорғаныш киімдерін де бір айдан бері ауыстырмай жүргендерін, күніне  тек төрт маскадана ғана берілетінін айтады.

«Қазір адамдардың бәрі жедел жәрдем шақыртуға қорқады. Температура деп айтса коронавируске жауып тастайды деп ойлайды. Сондықтан ішім ауырып жатыр, басым ауырып жатыр деп шақырады. Барамыз, температура 39-49 градус. Салып алып, апарамыз. Ескі киім, ескі маска. Респератор бар. Оны бірақ қолдануға болмайды», - дейді жедел жәрлем қызметкері Ерболат ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар облыстағы медицина мекемелерінде қорғаныш костюм мен маска тапшылығы жоқ деп отыр. Жедел жәрдем қызметкерлерінің неліктен тәулігіне төрт маскамен шектеліп отырғанын тексереміз дейді.

«100 мың теңгеден ақша береміз дегеніміз рас. Бірақ оны бірден емес,  бөліп беріп жатырмыз. Бір бөлігін алды. Қазір қосымша 31 миллион теңге көлемінде ақша бөлініп тұр. Ол ақша осы жасап жатқан қызметкерлерге қосымша берілетін болады. Кімге қаншадан түсетінін мен білмеймін. Жүктемесін есептейді. Атқарған еңбегіне сәйкес беріледі», - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет ҚАЛИЕВ.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше жедел жәрдем қызметкерлерін қолдау үшін  облыстық  бюджеттен жалпы 55 миллион теңге бөлінген. Жедел жәрдем қызметкерлерінің бүгінгі шағымдары бойынша арнайы комиссия құрылатын болды.

Жанар ҚОЖАНОВА

Фотолар автордікі.

 

Байланысты жаналықтар

Ақтөбеде жұмысшы үгіткіш аппаратқа құлап қаза тапты

19.09.2024

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі Астананың қай жерлерінде өтеді?

18.09.2024

Ақтөбеде 7-сынып оқушысы жүкті болып қалды

12.09.2024

Ақтөбеде көлік апатынан 3 жасар қыз көз жұмды

11.09.2024

Кісі қолынан қаза тапқан оқушының отбасы мәлімдеме жасады

05.09.2024

Ақтөбедегі оқушы өлімі: мектеп директоры қызметінен босатылды

05.09.2024
MalimBlocks
Ақтөбеде жұмысшы үгіткіш аппаратқа құлап қаза тапты

Оқиға Ақтөбе мыс компаниясында болған

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі Астананың қай жерлерінде өтеді?

Өз өнімдерін бірінші болып Ақтөбе, Атырау және Жамбыл облыстары ұсынады

Ақтөбеде 7-сынып оқушысы жүкті болып қалды

Жасөспіріммен психологтар жұмыс істеп жатыр

Ақтөбеде көлік апатынан 3 жасар қыз көз жұмды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Кісі қолынан қаза тапқан оқушының отбасы мәлімдеме жасады

Төбелеске 15 оқушы қатысқан дейді марқұмның әпкесі

Ақтөбедегі оқушы өлімі: мектеп директоры қызметінен босатылды

Оқиға 2 қыркүйекте Кеңесту ауылында болған