Арал ауданында төтенше жағдай жарияланды

Қызылорда облысының Арал ауданында қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай жарияланды.
Аудан әкімі Серік Сермағанбетовтың сөзінше, қуаңшылықпен күресу үшін 2 миллиард теңге қажет. Қазір 13 округ «қызыл аймаққа» енгізілген.
«Қуаңшылық салдарымен күресу үшін ауданға 2 миллиард теңге қаржы қажет. 13 округ «қызыл аймаққа» енгізілген. Елді сумен қамтамасыз ету үшін 15 құдық қазылатын болады. Жайылымдарды ұлғайту үшін сегіз арна қазылып, тазаланады. Біз осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін техника табуымыз қажет», - деді Сермағанбетов.
Жауын-шашынның аз болуына байланысты Арал ауданындағы жайылымдардың 90 пайызы жарамсыз болып қалған. Осы уақытқа дейін 500 бас мал өлген.
Бұған дейін, шілденің 3-і күні Ауыл шаруашылығы министрлігі Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында қуаңшылық салдарынан малдың қырылуы тоқтағанын, жағдайдың қалыпқа түскенін мәлімдеген. Кейіннен ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін отставкаға кеткен.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы
Неге бұлай болды, неге адамдар өзіне қол жұмсайды, неге наразылыққа шыға береді, неге зейнет жасын төмендетуді сұрайды, неге жәрдемақыны көтеруді талап етеді деген зерттеулер жүргізілмейтін, тек әр оқиғаның салдарымен ғана күресетін және шамасы келгенше жылы жауып тастауға тырысатын мемлекетте тағы бір жылды өткіздік...