Әсия Төлесованың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Malim Админ

  • 09.06.2020

Азаматтық белсенді Әсия Төлесованың үстінен Қылмыстық кодекстің "билік өкілін қорлау" және "билік өкіліне күш қолдану" баптары бойынша іс қозғалды.

8 маусым күні Әсия Төлесованы полиция департаментіне куәгер ретінде шақыртқан. Жауап беруге Әсия Төлесованы алып қалып, уақытша қамау абақтысына қамаған.

Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғауға оның рұқсат етілмеген митинг кезіндегі әрекеті түрткі болған. Ішкі істер министрлігіне тиесілі Polisia.kz сайты Ә.Төлесова заңсыз митинг кезінде полиция қызметкеріне қрсы күш қолданғанын жазады. Бұған дейін әлеуметтік желіде Ә.Төлесованың полицейдің бетінен ұрып, бас киімін жерге қағып түсірген сәті көрінген видео тараған еді.

Әсия Төлесова әлеуметтік желідегі парақшасында бұл әрекетін полиция адамдарды жас-кәріге қарамай заңсыз ұстай бастағанда оларға араша түскенімен түсіндірген. Белсенді Бейбарыс Толымбековтің анасы Ляззат Толымбекова бұл видео қиылып алынғанын,  оған дейін Әсия Төлесова қарттарды автозакпен әкетуге қарсы шыққанда, полицейлер оны жерге құлатқанын айтқан.

Құқық қорғаушы Ерлан Қалиев Әсия Төлесованың әреекті құқық бұзушылық болған күннің өзінде оған не итермелегенін назарға алып, мәселеге кешенді түрде қарау керек дейді.

Әлеуметтік желіде Азаматтық қоғам коалициясының Алматы қаласы полиция басқармасының бастығы Қ.Таймерденовке үндеуі жарияланды. Онда Азаматтық қоғам коалициясы Қылмыстық кодекстің 34-бабына сәйкес, Әсия Төлесованың әрекеті құқық бұзушылық емес екенін айтып, оны босатуға шақырған. "2020 жылғы 6 маусымда өткен митингіде полиция шамадан тыс күш қолданып, азаматтарды арнайы полиция көліктеріне сүйрелей берді. Азаматтық белсенді Әсия Төлесова жоғарыда аталған адам құқықтарын бұзушылықтың алдын алуға әрекет жасады", - делінген үндеуде.

Әсия Төлесова былтыр сәуір айында Алматыда өткен марафонда "Шындықтан қаша алмайсың" баннерін көше жиегіне іліп, 15 күн қамалып шыққан.

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы үш уақыт белдеуі

17.03.2023

Сергей Гайдай Қазақстанға елші болып келуі мүмкін

15.03.2023

Шыққанына 20 жылдан асқан. Қазақстандағы әрбір екінші көлік ескірген

14.03.2023

Ресей Қазақстан арқылы микрочип тасып жатыр  

06.03.2023

Масыл болмай, асыл болудың жолы   

28.02.2023

Оралды Ресейге беру қылмыс емес екен

21.02.2023
MalimBlocks
Қазақстандағы үш уақыт белдеуі

Бүгінгі ұрпақтың кінәсі жоқ

Сергей Гайдай Қазақстанға елші болып келуі мүмкін

Бұған Путин қалай қарайды?

Шыққанына 20 жылдан асқан. Қазақстандағы әрбір екінші көлік ескірген

Бұл тек ресми тіркелгендері ғана

Ресей Қазақстан арқылы микрочип тасып жатыр  

Ресейге құны 3,7 миллион доллар болатын микрочип сатқан

Масыл болмай, асыл болудың жолы   

Бәрі өздігінен келе қалса деген түсініктен арылатын уақыт жетті

Оралды Ресейге беру қылмыс емес екен

Сот сараптамасы  осындай шешім шығарды