Астананы азық-түлікпен қамту қалай жүргізіліп жатыр?

22 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Malim Админ

  • 28.03.2023

Қазіргі кезеңде азық-түлік қауіпсіздігін сақтау, оларды сөрелерге дер кезінде, үздіксіз жеткізу аса маңызды.  Еліміздің бірнеше қаласында бұл бағыт бойынша нақты шаруалар атқарылып жатыр.  Астанада да бағаны шарықтатпай, бақылауда ұстау үшін ауқымды істер қолға алынған.   Айталық, отандық өндірушілерге жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Қабылданып жатқан шаралар да ауқымды.   Астана   қаласы әкімдігі Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаевтың айтуынша, қазір агроөнеркәсіптік кешен саласында инвестиция жақсы тартылып жатыр.  Жалпы сомасы 88,3 млрд теңгені болатын 22 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

«Жалпы инвестициясы 18,35 млрд теңгені құрайтын 72,3 мың тонна дайын өнімді (ет комбинаты, нан зауыты, жартылай фабрикаттар, ұн және кондитерлік өнімдер және т.б.) шығару және қайта өңдеу бойынша өндірістік кешендердің құрылысы жөнінде 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ KazakhInvest-пен бірлесіп кондитерлік өнімдер шығаратын зауыт салу үшін шетелдік инвесторды тарту бойынша жұмыс жүргізілді, бұл – польшалық Stokson компаниясы, жобаның жалпы құны шамамен 5 млрд теңгені құрайды», - дейді Жаңабаев.

Сол сияқты жалпы сомасы шамамен 30 млрд теңге 2 КТО (45 мың ш.м.), 2 млрд теңгені құрайтын 1 қойма кешенін (9,5 мың ш. м.), сондай-ақ 2,85 млрд теңге сомасына 3 көкөніс қоймасын (14 мың тонна сақтау) салу бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Жалпы инвестиция сомасы 22,7 млрд теңге болатын жылдық қуаты 14 мың тонна 2 жылыжай кешенін салынуда. Ақмола облысының өндірушісімен бірлесіп «AQMOL FOOD» ЖШС елордамызда 2,6 млрд теңге сомасына 4 жыл бойы жүргізілетін жәрмеңкені ашу бойынша инвестициялық жобалар қолға алынды.

«Инвестициялардың жалпы сомасы 9,8 млрд теңге 2 базардың құрылысы жүріп жатыр. Жедел шаралардың бірі – «Айналым механизмі» деп аталады. «Айналым тетігі» аясында бюджеттен 14 млрд теңге бөлінген. Барлық ӘМАТ 19 түрі бойынша 35 мың тонна жеткізуге келісімшарт жасалды. Қолданыстағы шарттар бойынша 10 мың тонна көкөніс қоры бар. Бұл көлем қаланы қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз екенін ескере отырып, мамыр-маусым айларына 1 800 тонна (картоп – 812 тонна, пияз – 410, сәбіз – 340 және қырыққабат – 265) көлемінде импорттық көкөністерді жеткізуге келісімшартқа қол қою жоспарланып отыр», - деді ол.

Елорданы қантпен қамтамасыз ету – маңызды сұрақтың біріне айналып отыр.  Осы мақсатта Мерке зауытымен көлемі 3,5 мың тонна болатын 1,6 млрд теңге сомасына қантты жеткізу шартына қол қойылған.

Сондай-ақ, азық түлік корпорациясы арқылы 1 сортты арзандатылған ұнды сату бойынша көлемі 5 338 тонна астықты жеткізуге меморандум жасалды. Сауран 7, Қосшығұлұлы, 14 мекенжайлары бойынша елордалық және өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен қала аумағында қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жұмысы жалғасуда. Барлық өнімдер нарықтағы бағадан 10-15% төмен арзан сатылып жатыр.

Сонымен қатар, биыл «Шарын» жаңа базарымен бірлесіп, 3 мекенжай бойынша жәрмеңке өткізіледі. Олар - Дүкенұлы көшесі 31/1 (Әсем базарының тұрағы), Жеңіс даңғылы, 66а (Aqmol Food), Есенберлин көшесі, 25 (ғимарат алдындағы тұрақ). Өнімдер тікелей өндірушіден көтерме бағада сатылады.

Мақсат Жаңабаевтың пікірінше, тұрақты негізде баға белгілеу жұмыстары мұқият жүргізілуде. Баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемалардың Өңірлік комиссиясы отырысы жиі өткізіледі. Осы бағытта жыл басынан бері 21 отырыс болыпты. Көшпелі кеңес барысында қаланың сауда объектілерінде сауда үстемесінің 15%-ын сақтау бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіліп келеді.  

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады