457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Атырауға дәрі-дәрмектің ірі партиясы тиелген жүк көлігі жетті

Атырау облысына жүк көлігімен дәрі-дәрмектің ірі партиясы жеткізілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, кеше, 15 шілдеде Атырауға жеткізілген дәрі-дәрмектің ірі партиясында коронавирусқа шалдыққандарды емдейтін медициналық препараттар да бар.

«Алматыдан Атырауға жалпы құны 220 млн теңгені құрайтын 470 дәрі-дәрмектің 2 мыңнан астам қорабы жеткізілді. Алынған препараттардың ішінде антибиотиктер мен қызу түсіретін дәрілер бар. Бұл дәрі-дәрмек облыстың дәріханаларына бүгін-ертең таратылады» деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі. Бұрын препараттар теміржолмен жеткізілетін. Оған 10 күн немесе одан көп уақыт кететін. Ал, қазір облыс әкімдігі дәрі-дәрмекті ұшақ және жүк көлігімен жылдам жеткізуді ұйымдастырып отыр.