Ахметовты мақтатқан адам белгілі болды

Олжас Қасым

  • 15.06.2021

Мұғалімдерге әлеуметтік желіде әкім Даниал АХМЕТОВ жайлы жылы пікір жазуға тапсырма берген адам белгілі болды. Ол – Гүлжан ҚҰМАШЕВА. Шығыс Қазақстан облысына қарасты Үржар ауданы білім бөлімінің әдіскері бұл туралы Мalim.kz сайтының тілшісіне хат арқылы жеткізген.

«...Гүлнұр Жұмашқызы – ШҚО Үржар ауданының білім бөлімінің әдіскерімін, Нұр-Отан партиясының мүшесімін. Әлеуметтік желіде тарап жатқан менің атыма қатысты пікірлерге байланысты шындықты ашып айтқым келеді. Бұл менің өзімнің жеке азаматтық позициям болатын. Әлеуметтік желіде облыс әкімі жөнінде жазылған теріс пікірлерді көріп, облыс әкімінің жасап жатқан игі істерін неге насихаттамасқа, адамдардың тек кемшілігін емес, жақсы жақтарын да көру керек қой деген ой келді, сол мақсатта осы аудиожазбаны жібергенім рас. Бұл туралы маған ешкім тапсырма берген жоқ. Алайда, мен тәрбие саласын үйлестіріп отырғандықтан, мектептерге шынайы атқарылған жұмыстың барысы туралы ұсыныс жасадым. Әркім өз ойын білдіруге, өзге адамдарға ұсыныс жасауға құқы бар шығар. Менің аудиожазбамда артық асыра айтылған мақтау сөздер жоқ, нақты атқарылған істер туралы жүрекжарды пікірімді білдірдім. Менің бұл жазбамды таратып отырған адамның әрекетінен көпшіліктің арасында екі түрлі пікір туындап, түсінбеушілік болды. Енді өздеріңіз ойлап қараңыздар, жақсылықты жаршы еткен менің ісім дұрыс па, әлде адамдардан кінә ғана іздейтін адамның аудиожазбаны өз мақсатында пайдалану әрекеті дұрыс па?! Мен қандай жағдай болса да өз ұстанымымда қаламын. Облыс әкімінің атқарып жатқан игі істерін көріп отырып, көзімді жұма алмаймын. Жақсының жақсылығын айту керек. Жамандықты лезде жасап үлгеруге болады ғой, алайда тек қана позитивте болайық!», - делінген хатта.

Кеше Шығыс Қазақстан облысындағы тілшіміз Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫНЫҢ «Мұғалімдерге Ахметовті күштеп мақтатып жатыр» деген мақаласы шыққан. Мақалада Мақаншы ауданындағы Сәкен СЕЙФУЛЛИН атындағы мектеп директоры Бауыржан СЕЙІТХАНОВ әкім Ахметовті мақтап жазу жайлы тапсырма түскенін растаған. Әріптесіміз бұл мәселеге қатысты облыстық білім басқарасы басшысы Сайрангүл ЖҰМАДІЛОВАНЫҢ да пікірін берді. Яғни бір жақты материал әзірлеген жоқ. Бірақ әріптесімізге қоқан-лоқы көрсетіп, мақаласына сын айтып, facebook-те шабуыл жасалды. Қызығы солардың көбі – боттар. Яғни өтірік аккаунт ашып алғандар. Журналисті қаралауға оларға кім тапсырма берді екен? Қазіргі технология дамыған заманда ол боттардың кім екені және тапсырма берушіні анықтау оңай. Тек оған уақытты шығындағың келмейді. Әмбе ол боттар тапсырманы да қарық қылмаған. Тапсырма беруші де «задачаны» дүрыс түсіндіре алмаған. Сөзімізге орысша қосумыздың себебі бар. Өйткені тілшіміздің жазғандарын оқып, сосын тіл тигізе пікір жазатын  Карина КОЖЕВНИКОВА, Лиза РОМАНОВА сынды оқырмандары бар екен.

Қош, енді «покаянное письмо» жазған Гүлнұр ЖҰМАШҚЫЗЫНЫҢ жайы не болмақ? (Бұл жерде тағы да Сәкеңнің орыс тілді оқырмандары үшін орысша қосуымыз тура келді – авт) «Педагог мәртебесі» туралы заңға сәйкес мұғалімді кәсіби міндетінен өзге жұмысқа тартуға болмайды ғой. Заңды бұзған білім бөлімінің әдіскеріне қандай шара қолданады екен? Жуық арада ол жағын білім бөлімінің басшысы Сәуле ЖҮНІСОВАНЫҢ өзі айтады деп ойлаймыз.

Фото: qazaquni.kz

Байланысты жаналықтар

Даниал Ахметовтің тапсырмасымен! «Вакцинацияға келмесе, дәрігер үйіне іздеп барсын»

20.07.2021

Сау болыңыз, Сақтағанов! Бәрекелді, Байахметов!..

28.06.2021

Бақанас, қайда барасың?..

11.06.2021

Тоқсейітов орнын Тұрлыбековке босата ма?

07.06.2021

«Ұлымды өлтірген полицейлер жазаланбады»

21.05.2021

Қуаттың «Мазасыз маусымы»

14.05.2021
MalimBlocks
Даниал Ахметовтің тапсырмасымен! «Вакцинацияға келмесе, дәрігер үйіне іздеп барсын»

Сау болыңыз, Сақтағанов! Бәрекелді, Байахметов!..

Бақанас, қайда барасың?..

Тоқсейітов орнын Тұрлыбековке босата ма?

«Ұлымды өлтірген полицейлер жазаланбады»

Қуаттың «Мазасыз маусымы»