Балабақшадағы «боэвик». Таяқ жеген баланың миы шайқалған

Бөлмеде қатарласын жерге құлатып, басынан тепкілеген

Malim Админ

  • 23.02.2024

Алматы қаласындағы №51 балабақшада бүлдіршінді қатарластары соққыға жығып, аяусыз тепкілеген. Бұл әрекет бейнекамераға түсіп қалған. Келеңсіз жағдай туралы ZTB|QAZAQSTAN Telegram-арнасы мәлімдеді.

Оқиға 21 ақпанда болған. Сол күні бір топ бала балабақшаның тәрбиеленушісінің жоқтығын пайдаланып, бөлмеде қатарласын жерге құлатып, басынан тепкілеген. Олар жерде жатқан бүлдіршіннің үстіне де секіріп, соққыға жыққан. Осы оқиғадан кейін зардап шеккен баланың ата-анасы ZTB-ның редакциясына хабарласып көмектесуді өтінген.  

Балабақшада біздің баламызды бір топ бала тепкілеп, денсаулығына зиян келтірген. Оны 5 минут бойы ұрып, соққының астына алған. Біздің баламыз ешкімге соқтығыспай, өзімен-өзі отырған екен. Ал топтағы балалар оны жерге құлатып, аяусыз ұрған. Видеода бәрі көрсетілген. Дәл сол кезде тәрбиеші жұмыс орнында болмаған. Ол өзінің бір шаруаларымен көшеге шығып кетіпті, – деді баланың ата-анасы.

Анасының айтуынша, содан кейін зардап шеккен бүлдіршін ауруханаға жеткізілген. Оның миы шайқалған.

Бұл не деген сұмдық?! Айтыңыздаршы! Балалар сондай қатыгез бола ма?! Мұндай тәрбиені ата-аналары берген бе, сонда?! Біз күні бойы көзімізге жас алып, баламызды уайымдап шықтық, – деді бүлдіршіннің анасы одан әрі.

Баланың әкесі де балабақшадағы тәрбиеге наразылығын білдіріп, тәрбиешінің жұмыс орнында болмағанына жауап беру керектігін айтты.

Біздің баламыз жерде тепкінің астында қалып, жылап жатыпты. Ал тәрбиеші соны көріп, ештеңе болмағандай жанынан өтіп кеткен. Ол, тіпті, бізге бала басын ұрып алды деп өтірік айтты» , –  деді ол. Бірақ ата-аналары оның сөзіне сенбепті.  Шағымданушылар қатыгез ұрпақ өсіп келе жатқанын айтып, бұл жағдай қауіпті екенін ескертті.    

Байланысты жаналықтар

«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

02.04.2025

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

01.04.2025

Семейде баланы соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

01.04.2025

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

31.03.2025

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

30.03.2025

Тоқаев Мирзиёевті шығарып салды

29.03.2025
MalimBlocks
«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

Өнер иесі пәтерді жақын адамына сыйламақ.

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

Семейде баланы соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

Семейде оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевқа шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Тоқаев Мирзиёевті шығарып салды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев​​​​​​​тің Қазақстанға жұмыс сапары аяқталды