Бекшин карантинді күшейтті

Malim Админ

  • 15.06.2020

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин індеттің таралуын тежеу үшін шектеу шаралары күшейтілгенін мәлімдеді. Ж.Бекшин бұл туралы бүгін өткен онлайн брифингіде айтты.

"Жастар ойланғаны дұрыс"

15 маусым күнгі дерек бойынша, Алматыда коронавирус анықталған 3113 адам тіркелді. Бұл 100 мың адамға шаққанда 155,9 науқастан келеді деген сөз.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыровтың айтуынша, қалада симптомсыз тасымалдаушылар көбейіп жатыр. Статистикаға кірмеген коронавирус анықталған, бірақ ауру белгілері жоқ 813 адам тіркелген. Оның 616-сы соңғы аптаның ішінде анықталған.

Коронавируспен Алматыда көбіне-көп кімдер ауырады? Камалжан Надыров пен Жандарбек Бекшин өз сөздерінде ауруды көбіне жастар жұқтыратынын баса айтты. "Коронавирус анықталғандардың 36,8 пайызы 20-29 жас аралығындағы жастар, 18,9 пайызы 30-39 жас аралығындағылар, 14,5 пайызы 40-49 жас аралағындағы адамдар. Ауру жұқтырғандардың 5,1 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар болса, 4,9 пайызы 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер. Ал 8,1 пайызы 60 жастан асқандар.

"Қарт адамдардан коронавирус анықталғанда олардың үйінде вирус тасымалдаушы жастар бар болып шығады. Сондықтан үйдегі қарт адамдардың қамы үшін  қоғамдық көпшілік орындарға барар алдында жастар жақсылап ойлануы керек", - деді Жандарбек Бекшин.

Симптомсыздар қайтеді?

Бүкіл Қазақстанда тәрізді Алматыда да ауру белгілері жоқ, бірақ коронавирус белгілері бар адамдар тіркеліп жатыр. Олар вирус анықталған жағдайда не істеуі керек?

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров ондай адамдарға жедел жәрдем шақырудың қажеті жоқ дейді.

"Тест нәтижесі оң, бірақ ауру симптомдар болмаса, жедел жәрдем шақырмаңыздар.  Өзіңіз тіркелген емханаға хабарласыңыз немесе 300-01-03 call-орталығына телефон шалыңыз. Сіздерді ауруханаға жатқызу мәселесі емхана деңгейінде шешіледі. Дегенмен симптомдар болмаса, бақылауда боласыз. Дәрігерлер күніне екі мәрте хабарласып, температура, жөтел тәрізді ауру белгілері бар-жоғын сұрап отырады", - деді К.Надыров.

Ауруханаға дене қызуы ш күн бойы түспеген, жасы 65-тен асқан науқастар мен созылмалы ауруы бар адамдар бірден жатқызылады.

Шектеу шаралары күшейтілді

Ж.Бекшиннің айтуынша,  қаладағы мониторинг топтары 2623 нысанды тексеріп, 133 нысан қызметін заңбұзушылыққа байланысты тоқтатты. Олардың бәрі санитарлық талаптарды сақтамаған.

Ж.Бекшиннің айтуынша, отбасылық іс шаралар, той мен астарға тйым салынғанына қарамастан, кейбір кафелер бұл талаптарды бұзып жатыр. "Наурызбай ауданында екі дәмхана –"Панорама" мен Алматы" кафелерінде эпидемияға қарсы талаптарды сақтамай, бетпердесіз, алпыстан астам адам жиналып, ас берілген. Түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Адамдар түсіндіру жұмыстарынан кейін тарап кетті", - деді ол.

Ж.Бекшин таяуда Қарағандыда болған оқиғаны еске салды. Елуден астам адам кафедегі іс-шараға жиналып, оның 23-і коронавирус жұқтырған. Сондықтан көпшілік жиналатын іс-шараларды өткізуге әлі ерте.

Ж.Бекшин індеттің таралуын азайту үшін шектеу шараларын күшейтті. "Мемлекеттік органдар, ұлттық компания филиалдары жұмысшыларының 50 пайызын қашықтан жұмыс істеуге көшірдік. Базарлар жұмыс күндері таңғы тоғыздан кешкі төртке дейін, демалыс күндері таңғы тоғыздан алтыға дейін жұмыс істейді. Қоғамдық тамақтану орындары түнгі онға дейін жұмыс істейді. Банктерге өз қызметкерлерінің 50 пайызын қашықтан жұмысқа көшіру туралы тапсырма бердік. Халыққа қызмет көрсету орталықтары таңғы оннан төртке дейін жұмыс істейді. Сауда ойын-сауық орталықтары таңғы оннан түнгі тоғызға дейін жұмыс істейді. Фуд-кордтардың жұмысына тыйым салынады. Көрме, форум, конференцияларға шектеу қоямыз. Бильярд, боулинг, букмекерлік конторалар, караоке барлардың жұмысына шектеу қойдық", - деді Бекшин.

Жандарбек Бекшин көп адам жұмыс істейтін бизнес иелерін жауапты болуға шақырды. Таяуда жабылған Көк базар әкімшілігі санитарлық талаптарды бұзған көрінеді. "Үш апта бұрын Көк базарға барып, онда тепловизор, арақашықтықты сақтау белгілері жоқ екенін айттым. Салат сататын қатарды рұқсатсыз ашқан. Салаттарды сатқан адамдарда арнайы киім болмаған. Ірі бизнес санитарлық талапты бұзса, 4 миллион теңгеге дейін айыппұл төлейді. Ірі айыппұлдарға ашуланғандар мақала жазып жатты. Бірақ оның арты не болды? Базар әкімшілігінің 21 қызметкерінен коронавирус анықталды", - деді қаланың бас дәрігері.

Ал "Рахат" кондитерлік фабрикасының 467 қызметкері симтомсыз вирус тасымалдаушысы болып шықты. Бастапқыда "Рахатта" жұмыс істейтін қызметкер ота жасатпақ болғанда, одан вирус анықталды. Сегіз адам жұмысқа дене қызуы көтеріліп келген. 1500 қызметкерді тестілеу кезінде 467 адамда коронавирус анықталды, бірақ оларда ауру симптомсыз жүріп жатыр", - деді Ж.Бекшин.

Фото: kapital.kz

Байланысты жаналықтар

Коронавирустан он сегіз адам жазылды

28.03.2020

Министр Цой: "Шымкенттік дәрігер Айнамен 40 минут сөйлестім"

07.07.2020

Коронавирус бардың малын шашады, жоқтың артын ашады - 1

31.03.2020

Бірінші қыркүйекке дейін вакцина алмаса, айыппұл төлетеді

10.08.2021

Біртановтың "Б" жоспары күл-талқан болды

21.06.2020

Тағы екі адамнан коронавирус табылды

15.03.2020
MalimBlocks
Коронавирустан он сегіз адам жазылды

Министр Цой: "Шымкенттік дәрігер Айнамен 40 минут сөйлестім"

Коронавирус бардың малын шашады, жоқтың артын ашады - 1

Бірінші қыркүйекке дейін вакцина алмаса, айыппұл төлетеді

Міндетті вакцинациялаудың бірінші кезеңі аяқталуға жақын. Вакцинаның екінші компонентін барлық қызметкерлер 1 қыркүйекке дейін алып үлгеруі керек. 

Біртановтың "Б" жоспары күл-талқан болды

Тағы екі адамнан коронавирус табылды