Бекшин: Вирусты жастар мен балалар көп жұқтырып жатыр

Malim Админ

  • 21.03.2021

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда жастар мен балалар арасында вирусты жұқтыру көрсеткіші күрт артқанын мәлімдеді. Бекшиннің айтуынша,  вирустың өзгертілген мутациясын қазақстандықтар сырттан алып келуі мүмкін, қазір сол штамның түрін анықтау бойынша зерттеу жүріп жатыр.

"Жапон", "дат" және "калифорниялық" тәрізді штамдар шығып жатыр. Біз ең алдымен "дат" және "оңтүстікфарикалық" штамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Зерттеу нәтижесінде Алматыда мутацияға ұшыраған штамм анықталды. Оның қандай штамм екенін зерттеу көрсетеді", - деді Бекшин.

Жандарбек Бекшин жаңа штамды сыртқа шығып жүрген қазақстандықтар елге әкелді деген болжам айтты.

"Азаматтарымыз АҚШ, Еуропа, Ресейге шығып жүргенін ескерсек, ең алдымен сол елдерде пайда болған штамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз", - деді Бекшин.

Жандарбек Бекшин жаңа штамдар несімен қауіпті екеніне де тоқталды. Айтуынша, мутацияға ұшыраған вирус жастарға жұқпалы келеді.

"Жаңа штамдар былтыр болған вируспен салыстырғанда 70 пайызға жұқпалы. Оны жұқтыратындар жасарды. Былтыр 80-жылы туғандар ауырса, биыл 90-жылдары туған жастар жұқтырып жатыр. Мектепке дейінгі жастағы балаларға жұғу көрсеткіші екі есе, ал мектептегі балаларға жұғу көрсеткіші үш есе артты. Қатты жұқпалы болғандықтан, оның таралуын тежеу бойынша шаралар қабыдап жатырмыз",  - деді Бекшин.

Байланысты жаналықтар

Бекшин зейнетке шықпақ

24.12.2021

Бекшин жаңа болжамын жария етті

23.12.2021

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

23.12.2021

Бекшин коронавирусқа жаңа болжам жасады

18.11.2021

Алматыда оқу жылы басталғалы бері 89 оқушы вирус жұқтырған

09.09.2021

Бекшин мен орынбасары вируспен емес, бір-бірімен соғысып жүр

23.04.2021
MalimBlocks
Бекшин зейнетке шықпақ

Бекшин жаңа болжамын жария етті

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

Бекшин коронавирусқа жаңа болжам жасады

Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин желтоқсан айында коронавируспен ауыратындар саны көбеюі мүмкін екенін айтады.

Алматыда оқу жылы басталғалы бері 89 оқушы вирус жұқтырған

Бекшин мен орынбасары вируспен емес, бір-бірімен соғысып жүр