Бекшин вирустың өршуін антиваксерлерден көрді

Malim Админ

  • 16.07.2021

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бүгін өткен онлайн брифингіде вакцинаға қарсылардың әрекеті індеттің өршуіне әкеп соқтырды деді. Бекшин антиваксерлердің кесірінен балалардың вирус жұқтыруы көбейді деп мәлімдеді.

Бекшин бүгін түске дейін вакцинаға қарсы бесенділерді инфекциялық стационарға апарып, оларға ауыр жағдайда жатқан науқастарды көрсеткен.

"Бүгінде инфекциялық аурухананың жансақтау бөлімінде жатқандардың 100 пайызы вакцина алмағандар.  Өзіммен бірге азаматтық белсенділерді ертіп апардым. Ондағы мақсатым – олардың, антиваксерлердің жұмыс "нәтижесін" көрсету. Олар ауыр науқастар мен күні-түні бойы оларды емдеп жүрген дәрігерлерді өз көзімен  көрсім дедім.  Ауруханаға түскендердің көбі "егер түрлі мифтерді тыңдамай, уақытына екпе алсақ, онда бұл жерге түспес едік" деді. Сондықтан еліміздің және қаланың бас санитар дәрігерінің талаптарын орындап, індетке қарсы бірігіп күресуге шақырамын", - деді Жандарбек Бекшин.

Алматы қаласының бас санитар дәрігері антиваксерлердің кесірінен балалар арасында індетті жұқтыру көрсеткіші артқанын мәлімдеді.

"Алты жарым айда қалада 4000 оқушы вирус жұқтырды. Былтыр осы кезеңде 281 оқушы жұқтырған еді. Жыл басынан бері бір жасқа толмаған 1180 нәресте вирус жұқтырды. Олар ата-анасынан, отбасы мүшелерінен жұқтырған. Бұл да антиваксерлердің ісі. Егер балалардың ата-анасы, отбасы мүшелері вирусқа қарсы екпе алса, бұлай болмас еді", - деді Бекшин.

 

Байланысты жаналықтар

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

04.12.2023

Халық билігін күшейту – демократиялық жүйенің алға сүйреушісі

02.12.2023

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

01.12.2023
MalimBlocks
Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған. 

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

Тексеріс барысында жіберілген қателер анықталды

Халық билігін күшейту – демократиялық жүйенің алға сүйреушісі

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

Түркістан облыстық «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова соңғы екі жылда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси реформаларға көңілі толатынын айтады: