Биыл үш мыңға жуық отбасы баспаналы болады

Берік Жанатханұлы

  • 21.10.2020

Биыл Алматы облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша екі мың сегіз жүз қырық үш отбасы баспаналы болады. Олардың жеті жүз жиырма бесі көпбала отбасы. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайтының Талдықорғандағы тілшісі Берік ЖАНАТХАНҰЛЫ хабарлайды.

Бұндай ақжолтай жаңалықты облыстық мәслихат сессиясында депутаттар алдында есеп берген облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ бөлісті.

«Облыстық бюджеттен тұрғын үй сертификаттарына 500 миллион  теңге бөлінді. Оның 171,1 млн. теңгесі 256 сертификатқа берілген. Өткен 9 айда «7-20-25» бағдарламасы бойынша 365 отбасы (жоспар – 467), «Бақытты отбасы» бағдарламасымен 511 отбасы (жоспар – 590) баспаналы болды», - деді әкім Амандық Баталов.

1 маусымнан бастап  «Нұрлы жер» бағдарламасының «Шаңырақ 5-10-20» жаңа бағытын жүзеге асыру жұмысы  басталыпты. Бұл бағдарламада 1986-2017 жылдар аралығында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға несие беріледі. Өңірде олардың саны - 39 809 адам екен.

Бұл бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен тұрғын үй құрылысына 6,4 млрд. теңге бөлінген екен. Енді осы бағдарлама бойынша биылғы жылы  476 адамды үймен қамтамасыз етілмек.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бірнеше бағыт бойынша жүзеге асып келеді. Сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары үшін ең тиімді шарттармен де баспаналы болуға болады.

«Нұрлы жер бағдарламасы өте тиімді. Ол үшін адамның атында үйі болмауы шарт. Және әкімдіктің кезегінде болуы тиіс. Үй алатын қалада кемінде тіркеуде екі жыл болуы керек екен. Үйдің құнының жиырма пайызын төлеуі керек. Мысалы Алматы қаласындағы он үшінші шағын ауданында осы бағдарлама бойынша пәтердің бір шаршы метрі 180 мың теңгеден сатылды. Яғни  үш бөлмелі пәтер15 миллион теңгеге берілді. Нарықта бұндай бағана жаңа, үлкен үш бөлмелі пәтер алу мүмкін емес. Ал облыста бұл бағадан да арзан үйлер алуған болады ғой»,- дейді  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» менеджері Мадина БОЛАТХАНҚЫЗЫ МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне.

 

"Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй – коммуналдық даму бағдарламасы шеңберінде бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру көзделген бағдарлама.

2017 жылы президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ тапсырмасымен даярланған еді. Он бес жылдың ішінде 1,5 миллион адамды үймен қамтамасыз ету көзделініп отыр.

«Менің тапсырмам бойынша биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асырыла бастайды. Ол аса маңызды міндетті орындауға - алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарламада тұрғын үй нарығын дамытудың кешенді шаралары көрініс тапқан. Соның бірі - «Даму» акционерлік қоғамы арқылы мемлекеттің субсидия беруі есебінен құрылыс салушылар үшін банк несиесін арзандату. Тұрғындар үшін «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы арқылы банктер беретін ипотекалық несиені субсидиялау жүзеге асырылады. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары үшін әкімдіктердің несиелік тұрғын үй салуы жалғасады. Оған ілгеріде бөлінген қаржы «револьвер» қағидаты бойынша қайта пайдаланылады», - деген еді Елбасы Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ.

2020 жылдың 1-ші қаңтардағы мәлімет бойынша Алматы облысында 2 055 651 миллион халық тұрады. Қазақстан бойынша яғни Алматы облысы халық саны көп өңір.

Фото автордікі.

Байланысты жаналықтар

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

27.06.2024

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

25.06.2024
MalimBlocks
Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

Ұлттық нақышты киім-кешекке принт түрінде түсіріп, ұлттық сананы жаңғырту жолдарын іздеген дарынды суретші, ұлт жанашыры Аңсаған Мұстафамен әңгімелесудің сәті түсті.