Цой неліктен вакцина салдырмағанын түсіндірді

Malim Админ

  • 03.01.2021

Әлемдегі бірқатар елдің жетекшілері коронавирусқа қарсы вакцинаны тікелей эфирде салдырды. Мысалы, АҚШ вице-президенті Майк Пенс, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, сол елдің денсаулық сақтау министрі Юлий Эдельштейн Pfizer вакцинасын салдырды.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның сынағы толық аяқталмаса да, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оны алғашқылардың бірі болып салдырды. Ізінше президент кеңесшісі Ерлан Қарин мен Жамбыл облысының әкімі де Қазақстан ғалымдары жасап шығарған QazCovid вакцинасын салдырды.

Ал бірақ денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өзіне коронавирусқа қарсы вацинаны мүлде салдырмапты. Бүгін өткен онлайн брифингіде журналистер Алексей Цойдан неге коронавирусқа қарсы вакцина салдырмағанын сұрады. Сондағы Алексей Цойдың айтқаны мынау:

"Ресейдің де, Қазақстанның да вакцинасын салдырмадым. Қазір сынақтың қорытындысын күтіп отырмыз. Қазақстанда ресми тіркеліп, жаппай қолданысқа енген соң бірден алғашқылардың бірі болып салдырамын. Ресейлік вакцина ма, әлде қазақстандық вакцина ма, онда тұрған ештеңе жоқ. Денсаулық сақтау министрлігіндегі әріптестердің жартысы қазақстандық, бір жартысы ресейлік вакцинаны салдырамыз. Екі вакцина да қауіпсіз, тиімді екенін көрсету үшін. Бірақ ол үшін тексерістің ақырғы нәтижесі мен вакцинаның ресми тіркелуін күтіп отырмыз", - деді Алексей Цой.

"Алайда білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, президент кеңесшісі Ерлан Қарин қазақстандық вакцинаны салдырды. Өзге елдерде жария тұлғалар вакцина салдырып жатыр. Ал сіз вакцина ресми тіркелгенше оны салдыруға дайын емессіз бе?" - деген журналист Айнұр Коскинаның сұрағына Алексей Цой былай деп жауап берді:

"Әріптестеріміздің вакцина салдырғаны жақсы. Бірақ мына нәрені түсіну керек: денсаулық сақтау министрі вакцина салдырса, вакцина тексерілген, 100 пайыз қауіпсіз деген емеурін, бұл бүкіл халықты вакцина салдыруға шақыру. Сондықтан сынақ қорытындысын күтіп отырмыз. Біз денсаулық сақтау саласының инспекторлары ретінде вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша нақты нәтижені күтеміз, қазір тек бірінші және екінші сынақ фазасы бойынша қорытынды бар".

Байланысты жаналықтар

Қарағандыда тағы екі бала ауруханаға түсті

01.08.2023

Қазақстан «сары» аймаққа көшсе Үкімет қандай шара қабылдайды?  

01.07.2022

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

30.06.2022

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

12.01.2022

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

23.12.2021

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

20.12.2021
MalimBlocks
Қарағандыда тағы екі бала ауруханаға түсті

Екі күннен бері ауруханаға уланып түсіп жатқан жетім балалар мен ата-анасы тастап кеткен балалар. 

Қазақстан «сары» аймаққа көшсе Үкімет қандай шара қабылдайды?  

Маусымның ортасынан бастап коронавирус жұқтырғандар саны  артқан

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

Ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді