COVID-19: Шымкенттегі жағдай қандай?

Malim Админ

  • 28.07.2020

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы COVID-19 індетіне қатысты жағдайды біліп отырғанын аңғартып,  әлеуметтік желіде төмендегі мәліметтерді жариялады.

? Сонымен, әкімнің жазуынша, төсек орындар мен ИВЛ-мен қамтамасыз етуге қатысты инфекциялық және провизорлық стационарларда дер кезінде қосымша 3 050 төсек орны ұйымдастырылып, орын саны 3 860 - қа жеткізіліпті. Оның ішінде 650 инфекциялық, 3 210 провизорлық төсек орын. Реанимациялық төсек орнының саны 30 орыннан 151 орынға дейін ұлғайтылыпты. Әр қандай жолмен қосымша 58 ИВЛ, 250 «Бобров» тыныс алу аппараттары және 26 реанимациялық мониторлар алыныпты. Қазіргі таңда, реанимациялық орынның 88,7 пайызы 138 ИВЛ аппараттарымен қамтылған екен. Ал оттегімен қамтылған орын саны 861-ге немесе жалпы орынның 22,3 пайызына жеткізілген. Екі ауруханада оттегі станциясын іске қосылған.

Бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету туралы да әкім дерек келтіруге ерінбепті.

"197 мобилді бригада құрылып, 15 693 науқасқа үйге арналған стационарлық қызмет көрсетілді. Сонымен бірге, 45 074 азаматқа мобилді бригада қызметтері арқылы үйлеріне дәрі-дәрмек жеткізілді. Атқарылған жұмыстар қалада эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына өз әсерін тигізді. Жедел жәрдем көмегін шақыртулар саны күніне 2 320-дан 1321 дейін, яғни 43 пайызға азайды"- деп, ерен еңбектің бір ерекше атап өтіпті.

Сосын, стационарларда ем алушылардың саны 2 882 адамнан 1240 адамға дейін, яғни 56,9 пайызға төмендеді, стационарлардағы төсек орынның жүктемесі 33 пайызға дейін кеміді деген Мұрат Әйтеновтің сөзіне қарағанда Шымкентте шешілмеген мәселе қалмағандай. Қағаз жүзінде. Іс жүзінде қандай екенін кім білсін. Өткенде президент Қ.Тоқаевтың өзі "әкімдер мен министрлер шынайы ақпарат бермейді" деген еді.

Байланысты жаналықтар

Шымкент тұрғыны науқас балалардың атын жамылып ақша жинаған

08.10.2024

Чемпиондар жаңарды: Шымкентте бокстан халықаралық турнир аяқталды

04.10.2024

Шымкентте «Пайызсыз баспана» пирамидасын құрғандар сотталды

03.10.2024

Шымкенттік бозбалалар әскерге аттанды

02.10.2024

Шымкентте жұртты 179 млн теңгеге алдап соққан ХҚКО маманы сотталды

29.09.2024

Шымкентте 2,5 мың адам есірткі жарнамасын жоюға атсалысты

27.09.2024
MalimBlocks
Шымкент тұрғыны науқас балалардың атын жамылып ақша жинаған

Instagram-да жалған аккаунт ашып алып, адамдарды алдап соққан

Чемпиондар жаңарды: Шымкентте бокстан халықаралық турнир аяқталды

Шымкентте «Пайызсыз баспана» пирамидасын құрғандар сотталды

Шымкенттік бозбалалар әскерге аттанды

Шымкентте жұртты 179 млн теңгеге алдап соққан ХҚКО маманы сотталды

Ол елді жер телімі мен пәтер алып беретін болып алдаған

Шымкентте 2,5 мың адам есірткі жарнамасын жоюға атсалысты

Шара барысында есірткі жарнамаларын анықтап жою бойынша жұмыстар атқарылды