Дәулет Тұрлыхановтың ұлы екі адамды соққыға жықты

Оның әскери қызметші екені анықталды

Malim Админ

  • 15.02.2023

Атақты спортшы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Алматыда екі заңгерді ұрып, ауыр жарақаттады. Бұл туралы Тұрлыхановтың қолынан зардап шеккен Анна Димитриевич өзінің Facebook парақшасында айтты.

Күдіктінің әскери қызметші екені айтылды.  Қазір «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс ашылған.   

Анна Димитриевичтің айтуынша, сол күні кешке ол күйеуі, заңгер Олег Черновпен бірге таксиге бара жатқанда оқыс оқиғаға тап болған. Оларды көмекке шақырған  азамат бір жігіттің  қызды  ұрып жатқанын айтқан.  Арашаға түспек болған адвокаттарға бой бермей,   қызды сабаған жігіт олардың өздеріне тап берген.

Черновтың қабырғасы сынған, ал Димитриевич жағынан соққы алған. Шабуылдаушыға оның достары қосылып кеткен.

«Мені және Олегті кім ұрғанын білемін. Оның есімі Нұрасыл. Маған хабарлағандай, ол Дәулет Тұрлыхановтың ұлы. Спортшылардың өзіндік адамгершілік принциптері бар, сондықтан Дәулет Болатұлы ұлына шара қолданады деп үміттенемін», – деп жазды ол.

Жәбірленуші Тұрлыхановтар отбасы  кешірім сұрамағанын айтты. Алматы Полиция департаменті  293-бап, «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізілді, сараптамалар тағайындалды. Іс материалдары тергеуді анықтау үшін прокуратураға берілді, өйткені күдікті әскери қызметші», - деп толықтырды полиция.

Қазір ғана бұл жағдайға байланысты  Дәулет Тұрлыханов  жауап берді.

«Ол кәмелетке толған адам. Иә, ол менің ұлым. Жасаған әрекетіне өзі жауап береді. Ол бойынша нақты шешімді құқыққорғау органдары қабылдайды», - деді  Дәулет Тұрлыханов.  

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Таразда депутат соққыға жығылды

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды