Футзалдан ішкі чемпионат плей-офф кезеңінде

Malim Админ

  • 21.03.2021

Аяқ доп десе, «осы біздің қазақ доп тебе ала ма?» деп, төмен қарап қалатын сәттер аз болмайтыны жасырын емес. «Доп ойнаған тозар» деп, кейінге ысыра сөйлейтін ел қазір доп тепкендердің озып жатқанын мойындап болды. Бір жағы, доп деген шартты түрде алынған сөз болуы да мүмкін, әйтпесе, доп тебе білудің өнер екенін білмеді дейсіз бе... Десе, де, қазақтың да доп тебе алатынын дәлелдеп жүрген бір спорт түрі бар. Ол да футболдың бәр түрі – футзал. Футзалдан әлемдік додаларда топ жарып жүрген бір «Қайраттың» өзі не тұрады. Бұрындары бұл спорт түріне онша мән бере бермейтін ел де қазір футзалды жіті бақылап отыруға тырысады. Өзінің жанкүйерлері де пайда болған. Осыдан да, футзалдан Қазақстанның ішкі біріншілігі қызғылықты, тартысты өтеді. Биылғы маусым да солай болды.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында футзалдан Қазақстан чемпионатының тұрақты маусымы мәресіне жетті. Қазақстан футбол федерациясы футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаевтың айтуынша, төрт кезең қорытындысы бойынша қарағанда командалардың деңгейі жоғарылап келеді. Барлық ойын тартысты өтті дейді ол. Плей-офф кезеңіне қатысатын командалар анықталып, қарсыластары да белгілі болды. 2020-2021 жылғы футзал маусымында Қазақстан бойынша 9 команда өнер көрсетті.

Әбілдаев қазіргі бас фаворит – Алматылық «Қайрат» командасы екенін айтады. Бір айта кетерлігі, өзге командалардан тым алға озып кеткен бұл команда көп қарсыласын ірі есеппен ұтып жүр. Бұл футзалдың өзге өңірлерде әлі де дами алмай жатқанын көрсетеді. Мәселен, биын екі айналымға ғана қатысқан «Жетісу» командасының қаржылық қиындықтарға байланысты таратылып кетуі соның бір көрінісі. Бірақ, сала директоры келер жылдан үмітті. Оның ойынша, «Қайратқа» лайықты қарсылық көрсететін командалар шықса, бұл елдегі футзалдың даму көрсеткіші болмақ.

«Эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2020/21 жылғы маусымдағы Қазақстан чемпионаты төрт кезеңде өтті. Алғашқы айналым Щучинскіде, екіншісі Рудныйда, ал соңғы екі айналым Алматыда өтті. Биылғы жылы чемпионаттың деңгейі едәуір жоғарылағаны байқалды. Барлық кездесу аса тартысты болғанын атап өткім келеді. Әрине, басқа клубтарға басты фаворит «Қайратқа» қарсы тұру қиын. Алматылық клуб қарсыластарынан оқ бойы озып, тұрақты маусымның жеңімпазы атанды. Бірақ болашақта, мүмкін келесі жылы да кейбір клубтар елдің бірнеше дүркін чемпионына лайықты қарсылық таныта алады деп ойлаймын», - дейді Асқар Әбілдаев.

Плей-офф кезеңі 27 наурызда басталады. Футзалдың бір артықшылығы қарымта кездесулер араға көп уақыт салмай жалғаса береді. Оның үстіне, бұл коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген жаңа тәртіп деуге де болады. Жүріс-тұрыс аз болуға тиіс. Егер екі ойында екі команда бір-бір жеңіске қол жеткізсе, онда, чемпионаттың плей-офф кезеңінің нүктесі 30 наурызда қойылады. Астанадағы «Сайран Аренада» өтеді деп жоспарланып отырған кезеңдік матчтарға жанкүйерлер кіргізілмеуі әбден мүмкін. Өйткені, елордадағы эпидемиологиялық жағдай асқынып келеді. Дегенмен, жағдай тұрақталса, ойындар жанкүйерлердің қатысуымен өтуі де мүмкін.

Келесі кезеңде Алматының «Қайраты» командасы, Көкшетаудың «Оқжетпесі», «Ақтаудың «Каспийі», оралдық «Бәйтерек», «Атырау», рудныйлық «Аят» және «Атырау, «Ақтөбе», «Нұр-Сұлтан» командалары өнер көрсетпек.

Байланысты жаналықтар

Ендігі бағыт – Еуропа

18.10.2021

Футзал: Қазақстанның қарсыластары анықталды

02.06.2021
MalimBlocks
Ендігі бағыт – Еуропа

Нидерландтың  Зейст қаласында футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының жеребесі тартылды.

Футзал: Қазақстанның қарсыластары анықталды

Футзалдан әлем чемпионаты биыл қыркүйек айының 12-і мен қазанның 3-і аралығында Литвада өтеді. Осыған байланысты кеше Швейцарияның Цюрих қаласында аламан бәйгенің жеребе тарту рәсімі өтіп, онда Қазақстан құрамасы Венесуэла, Коста-Рика және алаң қожайындары Литвамен бір топқа түсті.