Итбалықтардың жаппай қырылуына қатысты тексеру жұмыстары басталды

Каспий теңізінің жағалауында «Қаражанбас» кен орнының су бөгеті маңында өлі итбалықтардың 50-ге жуық ұшасы табылған.
Су жануарларының жаппай қырылу және қауіп-қатерін анықтау үшін жұмыс тобы құрылып жатқаны хабарланды.
«2022 жылы 26 сәуірде әлеуметтік желілердегі ақпаратқа мониторинг жүргізу барысында Каспий теңізінің жағалауында «Қаражанбас» кен орнының су бөгеті маңында өлі итбалықтардың 50-ге жуық ұшасы табылғаны туралы ақпарат анықталды. Оқиға орнына Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторлары жедел жолданды», – делінген ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдар арасында 2021-2022 жылдарға арналған өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес, су жануарларының жаппай қырылу және қауіп-қатерін анықтау үшін жұмыс тобы құрылып жатқаны айтылған.
Ведомство хабарлауынша, итбалықтардың өлу себептерін анықтау үшін жануарлардың ұшаларын зертханалық тексеруге алу мүмкіндігін инспекция қызметкерлерімен қарастырылып жатыр.
Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін балық қорғау инспекторлары бірнеше итбалық, теңіз суы мен топырақтан сынама алған.
«2022 жылы 26 сәуір сағат 23:00-ге дейін келіп түскен ақпаратқа сәйкес, теңіз жағалауының әрбір жерінде жатқан 22 өлі итбалық табылды. Итбалықтардың өлу себептерін анықтау үшін жануарлардың ұшаларын зертханалық тексеруге алу мүмкіндігін инспекция қызметкерлерімен қарастырылуда, өйткені олардың денелері ыдырау күйінде болды. Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық Балық инспекциясы басқармасының инспекторлары балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметімен бірлесіп, Каспий теңізінің жағалау аймағы мен басқа да учаскелерге бақылау жасауда. Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін балық қорғау инспекторлары бірнеше итбалықты, теңіз суы мен топырақтан сынама алды. Олар Экология департаменті мен ветеринарлық қызметіне тапсырылатын болады», – делінген хабарламада.
фото: Лада
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін
Соңғы екі жыл бедерінде елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асты. Ал оның аймақтарға әсері қалай? Ел қалай қабылдады? Түркістан өңірінде қандай өзгерістер болды? Осы төңіректегі сауалдарды Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Рамилия Мустафаеваға қойған едік.
Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?
Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.