Коммуналдық тарифтың бағасы өседі 

Биыл тұрғындар үшін тарифтер 10%-дан 30%-ға дейін өседі.

Malim Админ

  • 12.07.2023

Үкімет отырысында Әлихан Смайылов коммуналдық қызмет саласында тарифтерді өсіру – қажеттілік екенін мәлімдеді.

«Бағаны өсірмесек коммуналдық инфрақұрылымның сапалы жұмысын қамтамасыз ету және оны жаңғырту мүмкін емес. Тариф мәселесінде біз барлық жақтың да мүдделерін ескеретін тең ортаны таба білуіміз керек. Яғни, саланы дамыту қажеттілігін де, халықтың мүмкіндігін де ескеруміз керек. Барлық инфрақұрылым объектілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін ауқымды инвестиция қажет. Себебі, олардың көпшілігі өткен ғасырдың ортасынан бері  жұмыс істеп келеді»,- деді Үкімет басшысы.

Премьер-министрдің алдында баяндама жасаған Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Дүниежүзілік Банктің гранттық көмегі аясында KPMG халықаралық аудиторлық компаниясы станцияларға техникалық аудит жүргізгенін мәлім етті. Айтуынша, тексеру 57 станцияда, оның ішінде 37 ЖЭО-да жүргізілген.

«Техникалық жағдайды бағалау нәтижелері бойынша энергетикалық қазандықтардың 62%-ының, турбиналардың 58%-ының парктік ресурстары аяқталып, ауыстыруды қажет ететіндігі анықталды. Ауыстыруға қажетті қуат көлемі – 2,5 мың МВт»,- деді Энергетика министрі. Оның дерегінше, тек ЖЭО-ына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 182 млрд. теңге қажет.

«Жаңа тарифтік саясат ашықтық, есептілік және жариялылық принциптеріне негізделетін болады»,- деді Әлихан Смайылов. 

Сөйте тұра Үкімет басшысы, министрлер кабинетінің алдында тұрған міндеттің бірі – бағаның өсуін тежеу екенін айтты.

Байланысты жаналықтар

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025

Трамп тарифтерінен кейін неміс автоөндірушілері шығынға батты

01.05.2025

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

15.04.2025

"Жақсы болмайды". Ақ үй Қытайға тағы бір ескерту жасады

12.04.2025

Қытай АҚШ импортының баж салығын 125 пайызға дейін көтерді

11.04.2025

Трамп Қытай тауарларына салынатын  баж салығын 125%-ға көтерді

09.04.2025
MalimBlocks
Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

Трамп тарифтерінен кейін неміс автоөндірушілері шығынға батты

Mercedes-Benz және Volkswagen концерндерінің операциялық пайдасы 40 пайызға төмендеді

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

"Жақсы болмайды". Ақ үй Қытайға тағы бір ескерту жасады

Қытай АҚШ импортының баж салығын 125 пайызға дейін көтерді

Трамп Қытай тауарларына салынатын  баж салығын 125%-ға көтерді