Коронавирустан тегін емдеген аурухана сотта жеңілді

Malim Админ

  • 09.11.2020

Коронавирус жұқтырғандарды тегін емдеп, айыппұл арқалаған Алматының Шаңырақ ықшамауданындағы "Талант-К" жекеменшік медицина орталығы апелляциялық сотта жеңілді. Жекеменшік медицина орталығының жетекшісі Талант Омаров Malim.kz-ке берген сұхбатында сот шешімімен 600 мың теңге төлегенін хабарлады.

Індет өршіген тұста науқастарды тегін қабылдап емдеген Шаңырақ ықшамауданында орналасқан емханаға Алатау аудандық тауар және қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті санитарлық талапты сақтамағаны үшін қыркүйек айында айыппұл салған.

"Заңгер Жангелді Сүлейманов медицина орталығы мен өзінің атынан сотқа айыппұл заңсыз салынған деп шағымданды. Бірақ сот мұнымен келіспей, айыппұл заңды салынған деді. Сөйтіп, 638 мың теңге төледім", - дейді "Талант-К" медицина орталығының жетекшісі Талант Омаров.

Т.Омаров апелляциялық сот шешімінің үстінен жоғарғы инстанцияларға шағымданбайтынын айтты. "Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен соттасу мақсатын көздемейміз. Бұл шешімі табылатын іс деп ойламаймын. Оның бәрі артық шығын. Босқа сыртқа ақша шашқанша, емханаға жөндеу жұмыстарын жасап, халыққа көмек көрсеткенім артық", - дейді Талант Омаров.

Қазіргі кезде медицина орталығында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Өйткені санитарлық-эпидемиологиялық талаптар өзгерген. "Жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарды қабылдай алатындай етіп жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мысалы, жаңа талап бойынша қабырға сырланған болуы тиіс. Әзірге емхана жартылай жұмыс істеп тұр. Бірақ жөндеу жұмыстары аяқталып, тиісті рұқсатты алған соң, толық жұмысқа көшеміз", - дейді Талант Омаров.

"Талант-К" жекеменшік медицина орталығы Ерлан және Гүлшат Нұрпейісовтердің “Красивые дети Казахстана” жекеменшік қорының қолдауымен жазда коронавирус өршіген тұста науқастарды тегін емдеп, дәрі-дәрмек таратқан.

Т.Омаров жұқпалы ауруларды емдеуге тиісті рұқсат алу үшін аудиторлық компанияны жалдап, рұқсат алатын қағаздарды дайындап жатқанын жеткізді. Емхана тиісті рұқсатты алған соң, "Красивые дети Казахстана" қайырымдылық қорымның көмегімен вирус жұқтырған науқастарды тегін емдеуді жалғастырмақ.  

Ал "Талант-К" емханасына 638 мың теңге көлеміндегі айыппұлды төлеуге  бір қор көмектесіпті. Бірақ ол қор өз атауын жария етпеуді сұраған.

Байланысты жаналықтар

Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

22.09.2024

Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

27.08.2024

Алматылық қариялардың 30 пайызы короновирус жұқтырған

23.08.2024

Коронавирус қаупі. Маска тағу міндеттеле ме?

16.08.2024

Олимпиадада жүлде алған 3 спортшы мен 2 бапкерден коронавирус анықталды

15.08.2024

Джо Байден коронавирус жұқтырды

18.07.2024
MalimBlocks
Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

Роспотребнадзор XEC COVID-19 штаммының тез таралып жатқанын хабарлады

Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

Ол Тәуелсіздік күніне арналған шараларға қатыспайды

Алматылық қариялардың 30 пайызы короновирус жұқтырған

7 күнде 4 КВИ жағдайы тіркелген

Коронавирус қаупі. Маска тағу міндеттеле ме?

Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар қамтылған

Олимпиадада жүлде алған 3 спортшы мен 2 бапкерден коронавирус анықталды

Президенттің Париж Олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі кейінге қалдырылды.

Джо Байден коронавирус жұқтырды

АҚШ президенті осыған байланысты Лас-Вегаста өтетін конференцияға қатыса алмайды.