Мемлекет спорт кешендерін ұстай алмай отыр ма?
Астанада үш бірдей спорттық арена сатылымға шықты. Олар: «Астана-Арена» футбол стадионы, «Барыс Арена» және «Алау». Бұл спорттық нысандар сенімді басқаруға ғана беріледі. Яғни толықтай сатылмайды.
Кепілдік төлем - 1,8 млрд теңге. Ынталы алушы 15 жылға иелік ете алады. 2015 жылы ашылған «Астана Аренаға» 30 мың көрермен сыйып кетеді. 2009 жылы ашылған, құрылысына 182 млн АҚШ доллары кеткен еді. Айтпақшы, былтыр Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мәжіліс депутаттарынан жасанды алаңды ауыстыру үшін 182 млн теңгеге жуық қаражат сұраған еді.
2012 жылы құрылысы басталып, 2015 жылы пайдалануға берілген «Барыс Арена» - сатылатын спорттық нысандардың ішіндегі ең үлкені. Ауданы - 85,1 мың шаршы метр.
2011 жылы құрылысы аяқталған «Алау» спорт кешені конькишілерге арналған.
Бұл нысандардың жаңа иелері жылдың 30 күніне қала әкімдігіне пайдалануға беруі тиіс. Жыл сайын 100 млн теңгеге жөндеу жұмыстарын жасау керек. Жеті жасқа дейінгі балалар мен көпбалалы отбасылардың балалары тегін жаттығу жасауы қажет.