Мүгедекті алдай салу немесе қайырымды қаланың қайырымсыз кәсіпкерлері жайында

Айшолпан КЕРІМ

  • 26.07.2021

Наурыз айының соңында Malim.kz  сайты «Шамаң келсе, шығып көр немесе Алматы пандустарының машақаты» атты репортаж жариялаған еді. Араға уақыт салып Malim.kz тілшісі қала көшелерін қайта аралап, өткен жолы «түзетеміз» делінген уәделердің орындалуын тексеріп шықты.

Бүгін де жол басшымыз – белсенді, мүгедектер мәселесі бойынша Түрксіб ауданының кеңесшісі Богдан Джепка. Арбаға таңылғанына жиырма жылдан асқан кейіпкерімізді көріп, бірі теріс бұрылып кетсе, екіншілері көмек қолын созуға асығады.

Бұл жолы да Атакент ҚІЫО аумағында кездесуге келістік. Үш ай бұрын осы аймақтағы Center Credit Bank бөлімшесінен пандус таппай, ішке кіре алмаған едік. Артынша банк басшылығы Богданға хабарласып, маусым айының аяғына дейін бөлімшені мүгедектер үшін қолжетімді етуге уәде берген. Біз бөлімшеге Богданнан ертерек келген едік. Еш өзгеріс байқамасақ та, Богданның өзін күтейік дедік. Богдан келіп, көліктен түспестен күле беріп, «Ештеңе өзгермеген-ау, иә?» деді.

Темирязев, 42 к10а мекенжайы бойынша орналасқан Bank CenterCredit бөлімшесі

- Қазір жиырма жыл бойы естіп жүрген мәлімдемені қайта естиміз. Қолайсыз десең, ғимаратты жалдап отырғанын айтып жылайды. Біз ескерту жасағалы үш ай өтті. Пандус орнатып үлгерер еді, тым құрыса құрылысын бастауға болар еді ғой. Демек, уәдесі де құр сөз.

Темирязев, 42 к10а мекенжайы бойынша орналасқан Bank CenterCredit бөлімшесіндегі банкоматтар

Кейіпкеріміз Center Credit Bank банкоматтары өзгелерге қарағанда әлдеқайда  қолайлы екенін жасырмады.  Аптап ыстық пен қолайсыздықтарға қарамастан, тағы да Әуезов көшесімен төмен түстік. Екеуміз де бір өзгеріс көруге үмітті едік, көргеніміз тек қиындық болды. Пандустардың биік болғаны соншалық, арбаның артынан адам ұстамаса, үлкен жылдамдықпен сырғи жөнеледі.

«Төмен түсуге осынша күш керек, кері көтерілу тіпті мүмкін емес қой. Салмағым болса – 100 келі. Бұл қала мүгедекті серуендеу мүмкіндігінен айырып отыр», - деп күрсінді Богдан.

Ешкімнің көмегінсіз қимылдауға машықтанған кейіпкеріміз үшін автобуспен жүру – алыс арман. Бұл жолы да Богдан жары Екатеринамен бірге келді. Автобус жайын, қолайсыздығын айтпақ болып, аялдама пандусына жақындағанымыз сол еді, автобус тоқтап үлгерместен кетіп үлгерді.

«Міне, автобусқа отыру туралы ойлап та үлгермейсің, бізді көрер-көрместен, тайып тұрады. Мүгедектігі бар азаматтарға қалай көмек көрсету керек екенін жүргізушілер білмейді де. Бірақ аялдаманың пандусы мынадай болса, автобусты армандаудың да керегі жоқ шығар» - деген соң Богдан бір-екі рет ұмтылғанымен, пандус арқылы өз бетінше көтеріле алмады.

Жолдың келесі бетінде түрлі дүкен тізіліп тұр. Богдан мұның біріне де кіре алмайды. Пандус болған күннің өзінде, не үшін тұрғаны белгісіз. Сән үшін салынған сәулет элементіне көбірек ұқсайды.

Ал мына пандус арқылы көтерілген арбадағы азаматты елестетудің өзі қиын.

Жақында ғана жаңа асфальт төселген Сәтпаев-Әуезов көшелерінің қиылысына келгенде Богданның арбасынан ұстаған күйі тағы да еріксіз жүгіре жөнелдім. Тым биік, арбадағы адам өзі түсе алуы үшін жиектеулердің болғаны абзал еді.

Мүгедек арбаға таңылған адам жолдың арғы бетіндегі дүкенге барып, азық-түлік алғысы келсе, ең әуелі қол-аяғын жаттықтыруы қажет. Себебі он бес минуттың ішінде-ақ кейіпкеріміздің қолы шаршай бастағанын байқадық.

Ал мынау Абай даңғылындағы «Мами» сән салоны. Әкімшіліктің арбадағы адамдар да сұлу көрінгісі келетінін ұмытып кеткені өкінішті. Ғимарат алдындағы сән үшін қойылғандай боп көрінген пандус арқылы жүз келілік Богданның ішке кіруі біреу көмектескеннің өзінде екіталай.

Бір пандусты еңсеріп, екіншісіне беттедік. Байқағанымыз, Абай даңғылы – қисық, жиектеуі жоқ, кафельден жасалған пандустар тізіле орналасқан сәтсіз шыққан пандустар сабы іспеттес екен.

«Жақын маңда «Алматының ең нашар пандусы» деген байқау өтті деп ойлауға болатын сияқты. Адамдардың өміріне қауіп төндіретін мұндай құрылыс орнына, тіпті пандус салмай-ақ қойған дұрыс шығар. Осының бәрі «өзім білемдік» пен «есеп үшін» болатын селқостықтан болып отыр. Құрылысты бастамас бұрын, пандусты қолданатын мүгедектігі бар азаматтың өзін шақыртып, тексертіп көрсе екен. Осыны айтып жүргеніме сонша жыл өтсе де, ешкім құлақ асар емес».

Нотариалдық қызметтер де Богдан үшін қолжетімсіз болып шықты. Заңды бәрінен жетік білетін мекеменің пандус сынды қарапайым нәрсені естен шығарғаны таң қалдырды.

«Таң қалатын түгі де жоқ. Қазір сұрасақ, мүгедектер жекелеген нотариус көмегіне жүгінбейтінін, мемлекет көмектесетінін айтып ақталады. Жалпы, байқағаныңыздай, пандусы болса, тек тау сияқты, жоқ болса, «Бізге мүгедектер келмейді» мен «Ғимаратты жалға алып отырмыз» дегенді айтады. Мемлекеттен көмек алатын мүгедектің жекелеген нотариуске ісі түспесіне кім кепіл?!»

Күн ыстық, пандустар да қолайсыз. Кейіпкерімізде оларды әрі қарай арбамен сынап көретін күш қалмады. Алайда кеңсеге жеткенше әкім есебі үшін жасалған пандустар көзге түсе берді. 

Байланысты жаналықтар

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

21.11.2024

Алматыны қар басты: Бір түнде 52 жол апаты тіркелді

14.11.2024

Алматыда бөгде ер адам әйелге шабуыл жасады

11.11.2024

Қазақстан хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы

10.11.2024

Алатау және Алматы арасында аэромобиль қатынайды

09.11.2024

Алматының алма бақтары мемлекет меншігіне қайтарыла ма?

31.10.2024
MalimBlocks
Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

Іздеуде жүрген адамдарды тануға, құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік береді

Алматыны қар басты: Бір түнде 52 жол апаты тіркелді

Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады

Алматыда бөгде ер адам әйелге шабуыл жасады

Ол қызды құлатып, баспалдақтан төмен қарай сыртқы есіке дейін жармасып барады

Қазақстан хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы

Шешуші ойында ұлттық құрама Жапонияны ұтты

Алатау және Алматы арасында аэромобиль қатынайды

Алатау қаласын дамыту мәселесі қаралды

Алматының алма бақтары мемлекет меншігіне қайтарыла ма?

Әкімдік пен ЖШС арасында жасалған мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілді