freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның төрт облысында жолдар жабылды

Қоғам
Қазақстанның төрт облысында жолдар жабылды
Фото: Қазавтожол

Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты 17 наурыз кешінен бастап республикалық маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Malim.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Шектеулер төрт облысты қамтыды: Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда және Батыс Қазақстан. Кей жерлерде барлық көлік түріне, ал кей учаскелерде жүк және қоғамдық көліктерге ғана қозғалыс тоқтатылды. Жолдарды ашу 18 наурыз таңғы сағат 09:00-ге жоспарланған.

Қостанай облысы

17 наурыз сағат 19:30-дан бастап жүк және қоғамдық көліктер үшін шектеу енгізілді:

Қостанай – Әулиекөл – Сұрған (Тобыл – Октябрьское аралығы);

Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы (Тобыл – Сарыкөл);

Қостанай – Мамлютка (Тобыл – Ұзынкөл).

Сондай-ақ барлық көлік үшін:

Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ (Бестөбе – Рудный).

Кейін сағат 21:00-де бірқатар жолдар толық жабылды.

Ақтөбе облысы

Сағат 19:00-де жүк және қоғамдық көліктер үшін:

РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы (Эко Ойл – Ырғыз);

РФ шекарасы (Құрманғазы) – Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау (Қандыағаш – Қарауылкелді).

Сағат 21:30 және 22:00-де қосымша учаскелерде де шектеу қойылды.

Қызылорда облысы

Сағат 21:30-дан бастап:

Самара – Шымкент трассасының Ақтөбе облысымен шекарадан Арал қаласына дейінгі бөлігі жабылды (жүк және қоғамдық көлікке).

Батыс Қазақстан облысы

Сағат 22:00-де:

Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Жымпиты – Ақтөбе облысының шекарасы) учаскесінде шектеу енгізілді.

Еске салайық, 18 наурызға елдің барлық өңірінде, соның ішінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында дауылды ескерту жарияланған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу