«Нұрлы жерді» жүзеге асыру үшін 21 млрд бөлінді
Батыс Қазақстан облысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін бюджеттен 21 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл туралы Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Ғали ЕСҚАЛИЕВ мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ азаматтарымыздың әлеуметтік әл-ауқаты тұрғын үймен тығыз байланысты деген еді. Осы жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде он жеті көп пәтерлі тұрғын үйге және ауылдық жердегі жүз отыз тоғыз тұрғын үй құрылысына бюджеттен 21 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Жыл аяғына дейін тұрғын үй банкінің кезегінде тұрған салымшыларына бюджет қаражаты есебінен 1903 пәтер беру жоспарланып отыр. Бұл өткен 2019 жылмен салыстырғанда 1.8 есеге көп. Орал қаласында іске асырылып жатқан ірі жобалардың бірі «Ақ жайық» шағын ауданының құрылысы. Қазіргі кезде инженерлік жұмыстар аяқталып, тұрғын үй салатын инвесторлар анықталып қойды. 2021 жылдан бастап аталған ауданда тұрғын үй құрылысы жұмыстары басталады. Ол өз кезегінде өңірдегі құрылыс саласына тың серпіліс берері сөзсіз», - деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғани НӘЖІМЕДЕНҰЛЫ.
Ресми мәліметтерге сүйенсек Батыс Қазақстан облысында жыл сайын үй кезегінде тұрғандар саны көбейіп келеді. Мәселен, 2017 жылы кезекте тұрғандар саны 22,9 мың болса, 2018 жылы 24 мыңға артқан. Ал былтыр олардың саны 25 мыңға жуықтапты. Енді облыс басшылығы баспана салу үшін жер кезегінде тұрғандарға учаскілерді бермекші екен. Қазір тұрғын үй қырылысына қолайлы болу үшін барлық инженерлік жұмыстар жасалып жатыр екен.
«Орал қаласында тұрғын үй салуға жер кезегінде тұрған азаматтар соңғы рет 2011 жылы ғана жер телімі берілген. Осы ретте өңірде тиісті коммуникациялармен қамтамасыз етілген жеке үйлер салу үшин Орал каласы мен аудандарда жер учаскілерін ұсыну бағытында жұмыстар атқарылды. Мысалға Орал қаласының Круглоозерный кентінде 1141 учаскіге арналған егжейлі-тегжейлі жоспарлау жұмыстары аяқталды. Алдағы 2021 жылы инженерлік коммуникациялық желілер өткізілген соң кезекте тұрған азаматтарға жер телімдерін бере бастаймыз. Сондай-ақ, Теректі ауданына қарасты Федоровка ауылында 528 жер телімі және Қаратөбе ауданында 144 жер телімі дайындалды. Бұл жұмыстар ауылдағы ағайындардың тұрғын үй мәселесін шешуге және облыс орталығына миграцияны тоқтатуға септесетін болады», - деді Батыс Қазақстан облысының басшысы Ғали Есқалиев.
С. Назарова
Фото: МӘЛІМ КЗ