Өскеменде жұрт көшені жауып тастады

Malim Админ

  • 11.02.2020

Өскеменде бағдаршамды өшіріп тастағанға наразы болған жұрт көшеге шығып, көлік жолын жауып тастады. Жолдың бір жағынан екінші жағына өтуіміз мұң болды деген халық, жаяу жүргіншілер жолын қайта ашсын деп талап қойды. Тіпті сол маңдағы сауда орталықтарындағылар осы жағдайдан кейін саудаларының да өтпей қалғанын ашына айтады.

Осыдан бірнеше күн бұрын Сәтпаев даңғылындағы театрдың алдындағы жолдағы жаяу жүргіншілер жолы жабылып, бағдаршам алынады деген шешім шықты. Оған осы жолға салынған көпір себеп болды. Әкімдік қызметкерлерінің бұл әрекетіне наразы болған жұрт жиналып, арғы бетке өту үшін алыстағы көпірге бара алмаймыз деді. Бағдаршамды қайта қосыңдар деген талаптарын жолды жауып тұрып қойды.

«Неге қарапайым халық біз зардап шегуіміз керек?! Бізде кеше сауда болған жоқ. Бүгін де саудамыз өтпей тұр. Тұрақты клиенттеріміздің өздері хабарласып, келулерінің қиындап кеткенін айтып жатыр. Басқа жаққа кетіп қалғандары да бар. Қолына жүгін көтерген жаяу адамдар көпірге бара да, шыға да алмайды», – дейді Өскемен қаласының тұрғыны Гүлмира ӘЗЕКЕНОВА.

Көпір бұрынғы бағдаршам тұрған жерден жарты шақырым жерде орналасқан. Жиналғандар сауда орындарынан шыққан жаяу адамдар қолындағы жүгімен жетуі мұң дейді. Жол жиегіндегі жаяу жүргіншілер жолын қалың қар басып қалғандықтан қазір олай жүру тіпті мүмкін емес – деген, Өскемен қаласының тұрғыны Динара ӘКІМБАЕВА: - көпірге баратын жол да жоқ. Жарты шақырым жолды қалай, қай жермен жүріп бармақпыз. Қаншама сауда орталықтары тұр. Осы ауданда көпқабатты үйлер мен мектеп бар. Алыстағы көпірге барып, айналып жүреді дегенге сенбеймін. Бұл кімнің мүддесі үшін жасалып отыр? – деді.

Өтініш иелері осыған дейін да арыз жазып, бағдаршамның алынбауын сұрапты. Бірақ оны ешкім тыңдамады дейді. Өйткені бұл жерде оңалту орталығы мен көпқабатты үйлер, театр және Назарбаев атындағы зияткерлік мектеп те бар.  Осылайша тас жолдың бойына жиналып, талаптарын қойған азаматтарға құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен бөлек қала әкімінің екі орынбасары қатар келді. Жиналғандарды сабырға шақырып, тыныштандыруға талпынған басшылар бағдаршамның алынып тасталатынын айтты.

«Осы Сәтпаев даңғылының бойында екі жерге көпір салынып, сол маңдағы үш бағдаршамды алып тастау жөнінде шешім қабылданды. Қауіпсіздік үшін жасалып отыр. Бәріне түсіндірдік. Бағдаршам алынады», – дейді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Тамара РАХЫМЖАНОВА.

Әкімдік өкілдері ел өтініші орындалмайды деп кесіп айтса да арыз-шағымдарын жазбаша қабылдап алатындарын айтты. Жиналған жұрт айтқанымыз орындалмаса жолды күнде жабамыз деп сендіріп отыр.

Жанболат Санияз

Фотолар автордікі.

 

 

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады